Шымкент шырайы

Шымкенттің негізін түркі тайпалары қалаған

  • https://www.oinet.kz/

    https://www.oinet.kz/

Бүгінде тарихи туризмнің орталығына айналып, осы бағытта көптеген тың жобюалар жүзеге асып жатқан Шымкенттің тарихы 2200 жыл бұрын басталады. Шымкенттің Орталық Азияда мәдениеті дамыған Самарқан, Бұхара сияқты қалалармен бір заманда пайда болған.

 

Шымкентте қазба жұмыстарын жүргізген белгілі археолог Бауыржан  Байтанаевтың айтуынша, қаланың негізін түркі тайпалары құрған.  

 

-  Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Шымкенттің 9 ғасырға дейін мәдени, сауда-саттығы дамыған қала болғаны анықталып отыр. Саяхатшы  Сюаньцзан да сол заманда айналасындағы кішігірім қалалардың Шымкентке бағынатынын жазған. Тоғызыншы ғасырдан кейін Исфиджаб алдыңғы орынға шықты. Қала мың жылға жуық уақыт Исфиджабтың көлеңкесінде қалып қойды. 18 ғасырдан бастап керісінше Сайрамның дамуы құлдырады, енді Шымкент жетекші қалаға айналды.  Шымкент жазба деректерде Шарафаддин Иездидің Ақсақ темірдің жорықтары туралы жазған «Жеңіс кітабында» ұшырасады. Кітапта жалайыр тайпасынан шыққан қолбасшының Жетісуға кетіп қалғаны, ал қару-жарақтары мен арбаларының Шымкенттен табылғаны жазылған, -дейді археолог-ғалым.  

 

Шымкенттің тоғызыншы ғасырдан бастап тоқырауға ұшырауына не себеп?

 

«Цитадельде» жүргізілген қазба жұмыстары қалада үлкен өрттің болғанын дәлелдеп отыр.

 

-  Жалпы осы уақытқа дейін Шымкентте үш үлкен өрттің ізі табылған. Тоғызыншы ғасырда Саманилер мемлекетінің билеушісі Исмайыл Самани Шымкент, Сайрам, Тараз қалаларында шабуыл жасады. Жергілікті халықтың арасында ислам дінін таратқан. Шымкент осы шапқыншылық кезінде көп зардап шеккен. Қаланың көлемі кішірейген,-дейді Б.Байтанаев.  

 

Мыңдаған жылдар бойы бірге дамып, алма-кезек өрлеп, қазақ тарихындағы маңызы зор, Орталық Азиядағы өзіндік мәдениеті, өзіндік орны бар қос қала қазір бір мегаполистің аумағында жатыр.

 

Сансыз баптардың мекені атанған Сайрам да Шымкенттің туристік  әлеуетін дамытуға зор серпін берерін анық.

 

 

 




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 18:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    9 Желтоқсан 2021
    Біріккен рейдтік шара
    2 Желтоқсан 2021
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31