Шымкент шырайы

Сыбайлас жемқорлық: Шымкентте мемлекетке 1 млрд 607 млн теңге өндірілген

  • Сыбайлас жемқорлық: Шымкентте мемлекетке 1 млрд 607 млн теңге өндірілген

    Сыбайлас жемқорлық: Шымкентте мемлекетке 1 млрд 607 млн теңге өндірілген

Шымкентте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесуге ықпал еткен 11 тұлға көтермеленген. Оларға сыйақы ретінде 2 млн теңгеге жуық ақша төленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаевтың айтуынша, әрбір қылмыстық іс бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың себептері мен алғышарттарын жою туралы ұсынулар енгізілуде. «Ағымдағы жылдың 8 айында Департаментпен қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекеттік органдарға 34 ұсыным енгізіліп, бүгінгі күнге оның 32-і қаралды. Қарау нәтижесі бойынша 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді Талғар Серікбаев. Жыл басынан бері департаментпен 63 қылмыс тіркеліп, оның ішінде 45 сыбайлас жемқорлық сипатында болған. «Тіркелген қылмыстардың басым бөлігін парақорлық және жымқыру фактілері құрайды. Жымқыру фактілері бойынша 17 және парақорлық фактілері бойынша 30 қылмыс тіркелді. Салалар бойынша анықталған қылмыстардың ең көп саны құқық қорғау блогында- 13, құрылыс саласында 12, білім – 8, денсаулық сақтау – 7, салық және жер қатынастары салаларында - 3 қылмыстан тіркелген. Сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 29 тұлға әшкерленді. Тіркелген қылмыстық істер бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекет кірісіне 1 млрд 607 млн теңге өндірілген»,-дейді Талғар Серікбаев.
 inform.kz




Көрілген: 486    Пікірлер: 0

жұма, 24.09.2021, 13:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 20:48
    «ECO SANA» БІЗГЕ ҚОСЫЛ
    14 Қазан, 20:34
    СТУДЕНТТЕР КӨРМЕСІ
    14 Қазан, 20:31
    ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ ҮШІН

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31