ТАЗАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ 5 ЖАҢА ТЕХНИКАМЕН ТОЛЫҚТЫ

06 қазан 2021, 20:16

Күз мезілі келісімен жапырақтар түсіп, тазалық қызметкерлерінің жұмысы арта түсетіні мәлім. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы санитарлық тазалық пен көгалдандыру жұмыстарын 6 мердігер мекеме атқаруда.

 

Соның бірі – көпқабатты үйлерде тұрмыстық қалдықтарды жинаумен айналысатын «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС.

 

 

Мекемеде жалпы 18 техника болса, оның қатарына қоқыс артуға және шығаруға арналған 5 жаңа техника қосылды.

 

Техникаларының жаңаруы ауданның санитарлық-тазалық дәрежесін арттырады. 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі