ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ АБАЙ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

05 қазан 2021, 10:57

Шымкент қаласы Абай ауданында «Шымқала - таза қала» акциясы аясында 8 шағынауданындағы көп қабатты тұрғын үй аулаларында және негізгі орталық көшелерде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған сенбілікке Абай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, мемлекеттік мекемелер, көпқабатты тұрғын үй тұрғындары мен кәсіпкерлік нысан иелері және еріктілер қатысты.
Жалпы қалалық сенбілікке 2500-ге жуық адам, 15 техника жұмылдырылған.
Тазалық акциясы алда өз жалғасын табатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі