ТЕРМИНАЛ ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ УАҚЫТША ШЕКТЕЛЕДІ

31 шілде 2021, 22:36

Шымкент қаласында жаңа әуежай терминалына кіреберіс автомобиль жолының құрылысы жүргізілуде. Осыған байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

 

Жаңа автомобиль жолы мен Шалқаркөл көшесінің қиылысында құрылыс жұмыстары жүргізілуіне орай «Жиделі» шағынауданына қатынау «Сауда-логистикалық орталыққа» баратын автомобиль жолы арқылы ұйымдастырылатын болады.

 

Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың 1-20 тамыз аралығында сызбаға сәйкес, жүзеге асырылмақ.

 

Қала тұрғындарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуға шақырамыз.

 

 

 

shymkenttv.kz