Шымкент шырайы

ТӨРТ АУДАНДА БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласында жыл соңына дейін зейнеткерлерге арналған  белсенді өмір сүру орталықтары ашылады. Қарт адамдардың денсаулығын қолдау және бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру мекемелері мегаполистің 4 ауданында жұмыс істейтін болады.

 

Бұл жұмыстар қарттарды қолдауға арналған 2025 жылға дейінгі жоспар аясында жүзеге асырылмақ.

 

 

Бүгін қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков алдағы уақытта ашылатын зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға әлеуметтік қызмет түрлерін ұсынатын орталықтарды тексеріп өтті.

 

 

Ерғали Білісбеков бірінші кезекте ғимаратта талапқа сай заманауи дизайн, пандус, желдеткіш, лифт пен көлік тұрағына дейін ыңғайлы болуы керектігіне тоқталды.

 

 

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова қазіргі таңда зейнет жасына жеткен азаматтарға «Асыл Жүрек» әлеуметтік-медициналық орталығы жартылай стационарлық жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіліп келетінін баяндады.

 

 

Орталыққа келушілерге жоғары және бірінші санатты дәрігер кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері қызмет көрсетеді. Сонымен бірге емдік денешынықтырудан бастап йога, би, бильярд, үстел теннисі, тренажерлық жаттығулар да қарастырылған. Қызмет алушылардың кино, сенсорлық бөлме, кітапханада демалуға да мүмкіншіліктері бар. Психолог маманынан кеңес алып, психологиялық тренингтерге қатыса алады.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 569    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 21:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан, 21:08
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:33
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31