Шымкент шырайы

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫН АЛҒАН 265 АЗАМАТ НЕСИЕЛІК БАСПАНАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласында 1 млн теңге көлеміндегі тұрғын үй сертификатына ие болған  265 азамат  алғашқы жарна төлеу міндетінен босатылып несиелік баспанаға  қол жеткізді.

 

Мемлекет тарапынан жеңілдікке ие болған азаматтар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ», «5-20-25» бағытының қатысушылары.

 

Тұрғын үй сертификатына жалпы саны  818 өтінім келіп түскен. Алайда оның ішінде 424 азаматтың өтінімі   тұрғын үй сертификаттарының шарттары мен талаптарына сәйкес келмегендіктен бас тартылған.

 

 

Бүгінде тұрғын үй сертификатына өтінімдер қабылдау  «кezekte.kz» интернет ресурсы арқылы онлайн жүргізілуде. Бұл үшін әрбір азаматтың және оның кәмелетке толған отбасы мүшелерінің электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет. Қатысуға ниет білдірген тұлға соңғы 6 айда отбасының жиынтық табысы оның әрбір мүшесіне шаққанда 106336,2 теңгеден аспаған жағдайда және тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беру туралы банктің мақұлдаған хаты арқылы тұрғын үй сертификатына өтінім жібере алады.

 

Жыл басынан бері Шымкент қаласы бойынша «Отбасы банк» арқылы кредиттік тұрғын үймен  «5-20-25» бағыты бойынша  730 азамат қамтылған болса, оның 261-і тұрғын үй кезегінде тіркелгендер. Сондай-ақ, «7-20-25» бағдарламасы бойынша  Шымкент қаласындағы екінші деңгейлі банктер арқылы 1362 азамат алғашқы тұрғын үйді нарықтан  несие рәсімдеп сатып алған. «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 158 отбасы тұрғынжаймен қамтамасыз етілген.

 

Айта кету керек жыл соңына дейін  7-20-25, 5-10-20 (Шаңырақ), 5-20-25,  2-10-20 (Бақытты отбасы) бағыттары арқылы жеңілдетілген кредиттік тұрғын үйлермен – 4 413 отбасыны қамту жоспарлануда.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 784    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.10.2021, 20:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан, 21:08
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:33
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31