Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ТҰРҒЫНДАР ХҚО МЕН EGOV АРҚЫЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРГЕ ЖҮГІНЕ АЛАДЫ

18 қазан 2021, 21:28

Қала тұрғындары енді арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға өтінішті eGov порталымен немесе ХҚО-ға жүгіну арқылы бере алады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының  өкілдері мемлекеттен берілетін бұл көмектің түрін 20-ға жуық арнайы санатқа жататын азаматтар алалатынын айтады.

 

Бүгінде аталған жәрдемақыны ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жесірлері және ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан әскерилердің отбасылары алған. Бұдан бөлек, қоршауда қалған Ленинград тұрғындары, кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерь тұтқындары мен Чернобыль АЭС-дағы және басқа да апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың отбасылары алып келген.

 

Жәрдемақыны ХҚО немесе eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы алуға өтініш беру үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

 

1️. белгіленген үлгі бойынша өтініш;

2️. жеке басын куәландыратын құжат;

3️.банк шоты бойынша мәліметтер;

4️. жәрдемақыны алу құқығын растайтын құжат.

 

Естеріңізге сала кетейік, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жәрдемақы алу үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайларда ХҚО қызметкерін үйге шақыру қызметі бар. Ол үшін Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалып, сұраныс қалдыру қажет. ХҚО қызметкері өтініш берушімен байланысады және клиентке бару үшін қолайлы уақытын келіседі.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі