Шымкент шырайы

ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМЫНА ДЕР КЕЗІНДЕ ЖАУАП БЕРМЕГЕН САЛА БАСШЫЛАРЫ ЕСКЕРТУ АЛДЫ

  • ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМЫНА ДЕР КЕЗІНДЕ ЖАУАП БЕРМЕГЕН САЛА БАСШЫЛАРЫ ЕСКЕРТУ АЛДЫ

    ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМЫНА ДЕР КЕЗІНДЕ ЖАУАП БЕРМЕГЕН САЛА БАСШЫЛАРЫ ЕСКЕРТУ АЛДЫ

Бүгінгі өткен аппараттық мәжілісте қала әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындар өтінішіне дер кезінде жауап бермеген сала басшыларына қатаң ескертулер жасап, бірқатар тапсырмалар берді.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қолдауымен өткен жылы Шымкент қаласының ситуациялық «iKomek» орталығы құрылған болатын. @ikomek109.shymkent орталығы басқармалар, аудан әкімдіктері мен коммуналдық кәсіпорындардың байланыс орталықтарын біріктіретін және 24/7 тәртібінде жұмыс жасайтын жалғыз орталық. Тұрғындардың өтініштерін қабылдау, орын алған жайттарды, апаттарды, коммуналдық және жедел қызметтер жұмысын үйлестіруге бағытталған. Мұнда барлық өтініштер өңделеді және тіркеу нөмірі беріліп, арнайы тізімге енгізіледі.
«iKomek» орталығы жұмыс істеген бір жарым жыл ішінде 230 904 арыз-шағым келіп түскен. 228 582 өтініш орындалған, 1580 өтініш қаралуда. Олардың арасында түрлі себептермен, мерзімі өткендер де кездеседі.
Жиналыста шаһар басшысы тұрғындардың «109» орталыққа хабарласқаны әкімдікке деген сенімдерінің белгісі, сенімді ақтау үшін тыңғылықты жұмыс жасау қажеттігін баса айтты.
- Орталық халықпен кері байланыс орнатудың тиімді құралы ретінде арнайы ашылды. Қаламызда мәселенің бары анық. Азаматтар соны бізге жеткізу үшін 109-ға хабарласады. Келіп түскен әрбір арыз-шағым тікелей менің бақылауымда. Мерзімі кешіктірілген мәселеге жауапты маман қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертемін. Келіп түскен шағымдар арқылы салалардың осал тұстарын көруге болады, сол арқылы ай сайын басқарма және әкімдіктердің рейтингісі жүреді. Сондықтан жұмысымызды жауапкершілікпен атқарайық. Мәселеге менің құзырыма кірмейді деп емес, бірлесе шешейік деп қарау қажет, - деді әкім.
@ikomek109.shymkent орталығының операторлары тұрғындардан өтінімдерді мына байланыс арналары арқылы қабылдайды:
1. Қалалық және мобильді телефондардан 109 бірыңғай нөміріне тегін қоңырау шалу
2. What’s App: 8 777 7109 109
3. Instagram: @ikomek109.shymkent
4. Facebook: IKomek Shymkent
5. Telegram-bot: @shymkentonlinekz_bot


Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 642    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.11.2021, 11:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    9 Желтоқсан 2021
    Біріккен рейдтік шара
    2 Желтоқсан 2021
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31