Шымкент шырайы

ТУРИСТІК ПОЛИЦИЯ БІР АЙДА 1000-ҒА ЖУЫҚ АЗАМАТҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

  • ТУРИСТІК ПОЛИЦИЯ БІР АЙДА 1000-ҒА ЖУЫҚ АЗАМАТҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

    ТУРИСТІК ПОЛИЦИЯ БІР АЙДА 1000-ҒА ЖУЫҚ АЗАМАТҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

Шымкент қаласына келуші қонақтар мен қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі - Туристік полиция қызметі. Туристік полицияның басты міндеті туристерге құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Тәртіп сақшылары сағат 09:00-ден 01:00-ге дейін үш ауысыммен қызмет көрсетеді. Арбат, Орталық саябақ, Наурыз алаңы, Қошқар ата өзенінің жағалауы сияқты туристер көптеп кездесетін орындарда жүреді.
Егер турист өз құжаттарын жоғалтса немесе қандай да бір оқиға орын алса полиция қызметкерлері көмек көрсетеді. Сондай-ақ, тұрғындар мен келген туристерге қызықтырған сұрақтар бойынша кеңестер мен ақпараттар береді. Шетелдіктер мен инвесторларды тарту үшін шетел азаматтарының елімізге келген кездегі қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету қызметін атқарады. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қолайлы инвестициялық климаттың орнауына оң әсерін тигізеді. Туристік полицияның қызметіне соңғы бір ай ішінде 1000-ға жуық азамат жүгінген.
Туристік полиция қызметкерлері бейнетіркеуіштермен, планшеттермен, рациямен жабдықталған. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін және еліміздің тарихын жетік меңгерген. Қызметте адамдармен тез тіл табыса білетін және жедел әрекетке әрдайым дайын болу сынды қабілеттерге ие болуы маңызды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 309    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.09.2021, 13:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 20:48
    «ECO SANA» БІЗГЕ ҚОСЫЛ
    14 Қазан, 20:34
    СТУДЕНТТЕР КӨРМЕСІ
    14 Қазан, 20:31
    ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ ҮШІН

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31