ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ

24 желтоқсан 2021, 20:42

Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының Aутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен "Ана үйі" қоғамдық қорында "Тұсау кесу" мен "Бесікке салу" рәсімдері өткізілді.

 

Іс-шараның мақсаты: Ана үйіндегі жалғыз басты аналарға қолдау көрсете отырып оларға ұлтымыздың салт-дәстүрін насихаттау және сол арқылы бүлдіршіндерінің ұлттық болмысын арттыру. Сондай-ақ жалғыз емес екендігіндіктерін сезіндіріп, бойларында рухани күш-жігер қалыптастыру.

 

 

Рәсім барысында ардагер ана, Еңбек ері Шарапат Курманбекова және қалалық "Әжелер алқасының" мүшелері бесікке салу рәсімін жасап, тәй-тәй басып келе жатқан кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті.

 

 

Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатын той жасайды.

 

Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі