Шымкент шырайы

ҮНЕМІ ІЗДЕНІСТІ ТАЛАП ЕТЕТІН МАМАНДЫҚ

  • ҮНЕМІ ІЗДЕНІСТІ ТАЛАП ЕТЕТІН МАМАНДЫҚ

    ҮНЕМІ ІЗДЕНІСТІ ТАЛАП ЕТЕТІН МАМАНДЫҚ

Елдің ертеңі үшін қызмет етер ғалымды да, еңбекқор егіншіні де ұстаз өсіреді. Сондықтан ұрпақтың білімді, саналы болып қалыптасуы жолында тер төгетін мұғалімнің еңбегі қашан да ерен. Міне осы жолда 26 жылдан бері аянбай еңбек етіп келген ұстаздың бірі – Шымкент қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында физика және математика пәнінің мұғалімі Виталий Корольков.
Виталий Николаевич терең ғылыми-теориялық дайындығы бар жоғары санатты мұғалім. Оның сабақтары оқытудың әр түрлі формалары мен әдістерін сабақтастыра өтумен, оқушылармен тиімді кері байланыс орнатуымен ерекшеленеді.
Мұғалімнің жұмысындағы басты мақсат – әр оқушыға назар аударып, олардың ой-өрісінің дамуына жағдай жасау. Ұстаз Виталий әр оқушыны сабақты қабылдау бейіне қарай жұмыс жұргізеді. Соған сай материалдар әзірлейді. Мұғалім әдістемесінің мықты жағы да баланың даралығын дамыту үшін жүйелі жұмыс жасау және білім беруде саралап оқыту. Мұндай тәсіл кез келген оқушының тақырыпты игеруге, болашағын жаратылыстану пәнімен байланыстыруға ықпал етеді.
Ұстаздық үнемі ізденісті талап ететін мамандық. Виталий Николаевич өз біліктілігін арттыру мақсатында «Робототехника» секілді түрлі деңгейлі курстарды білімін жетілдірген. Одан өзге түрлі тақырыптар бойынша шағын эксперименттер жасайды. Нәтижесінде бүгінге дейін тәрбиелеген 20 шәкірті Республикалық және Халықаралық білім байқауларында жеңімпаз болып, білім мекемесінің мерейін үстем етуде.
Өз ісіне адал, жауапкершілігі мол, жоғары санатты педагог мектеп эксперименттері мен халықаралық ғылыми конференцияларға белсенді қатысып, өз білімін әріптестерімен бөлісуді жөн көреді.
В.Корольковтың ерең еңбектері еленіп, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым минстрлігінің алғыс хаты және «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 269    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.11.2021, 19:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:33
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    16 Қараша, 20:32
    ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30