Шымкент шырайы

ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН ҚҰРЫЛЫСТАР СҮРІЛДІ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының шешімімен «Самал-1» шағын ауданындағы Рысқұлов көшесі бойында заңсыз салынған 8 құрылыс нысанын мәжбүрлеп бұзу іс-шаралары басталды.

 

 

Бұл нысандар жоспарлау құрылымында құрылыс салу шекарасын бөліп тұратын қызыл сызықты өрескел бұза отырып салынған. Нәтижесінде, құрылыстардың меншік иелері бекітілген жобалау құжаттарының талаптарымен көрсетілген сызықтарды сақтамай нысан құрылыстарын жүргізген. Салынған құрылыстарды пайдалану туралы рұқсат құжаттар рәсімделмеген. 

 

 

Тиісті нормативтерді басшылыққа алмай салынған бұл нысандар, жалпыға бірдей пайдаланылуы тиіс аумақтардың жабылуына әкеп соғып, жол қозғалысын тиімді ұйымдастыруға кедергі келтіруде.

 

 

Қала құрылысында бекітілген қағидалар қатаң сақталуы керек. Бұл  салада бей-берекет құрылыс жүргізуге болмайды. Жалпыға бірдей пайдаланылатын аумақтарда инженерлік желілер, жол инфрақұрылымына қажетті нысандар орналастырылып, қала көшелерінің құрылымы Бас жоспарға сәйкес қалыптастырылады.

 

 

Тәртіп пен талапты ұстансақ қана қаламыз заманауи орталыққа айналады. Қолайлы орта қалыптастырудың алғашқы қадамы – айналаға қолайсыздықтар тудырмаудан басталады. Бұл қағидат қала тұрғындарының азаматтық ұстанымына айналады деген сенімдеміз.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 511    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 20:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 20:48
    «ECO SANA» БІЗГЕ ҚОСЫЛ
    14 Қазан, 20:34
    СТУДЕНТТЕР КӨРМЕСІ
    14 Қазан, 20:31
    ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ ҮШІН

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31