Шымкент телевидениесімен бірге

"Halal EXPO" 2021

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Ниетіңіз адал жегеніңіз халал болсын десеңіз Шымкенттегі көрме орталығына келіңіз. Онда қазан айының 11 мен 12-сі аралығында ҚМДБ мен сертификатталған таза өнімдерді алуыңызға болады. Мегаполисте халықаралық "Halal EXPO" көрмесі отуде.

 

 

Көрмеге әлемдік және отандық кәсіпкерлер мен инвесторлар, халал индустриясындағы белді кәсіпорындар мен халықаралық сертификаттау органдары, дін қайраткерлері қатысты. "Halal EXPO" 2021 көрмесіне қатысу – сауда нарығындағы жаңа бағыттарға жол ашып, тұтынушыларға халал өнімді тікелей өндірушіден нарықтық бағадан төмен алуға таптырмас мүмкіндік. Көрмеге келіп өз өнімін «Бөбей  Батихан»  ЖК де ұсынды. Тәттімнің кондитерлік өнімдері көптің қызығушылығын арттырды.

 

Бағдат Шылмырзаев – «Бөбей  Батихан» ЖК менеджері

 

Бұл Сарыағаш медресесіне қатысты Тәттім деп аталады халал стандартына сай. Бірақ медресеге қарасты Бұдан түскен табыс оқып жатқан балалар мен мұқтаж жандарға бөлінеді.

 

Шымкентке 50 ден астам кәсіпорын халал өнімдерін алып келді. Арасында Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейден келген кәсіпкерлерде бар. Айтқандай өңірімізден шыққан өнім көршілес елдергеде танымал.

 

Рахматжан Асанұлы –«Отау» ЖК менеджері

 

Отандық өнімді жарнамалау осыны көрсету бастамаға рахмет. Біз бесінші жылы өзіміздің өнімді шығарып жатырмыз. Негізінен қамыр тағамдары.

 

Бұл шараның өтуіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының белсене атсалысты. 2021 жылға бекіткен жоспарға  сәйкес игі шараға мұрындық болды. Халықаралық халал өнімдер көрмесін ұйымдастыруға "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы оң ықылас танытқан.

 

Наурызбай қажы Тағанұлы – ҚМДБ төрағасы

 

Бүгінгі күнде елімізде 700 ден астам кәсіпорын халал сертификатын иемденген. Бүгінгі халықаралыфқ көрмеге 50 ге жуығы қатысып жатыр. Қырғыз Ресей Өзбекстаннан кәсіпкерлер келіп жатыр. Елімізге адал асты насихаттап жатыр.

 

"Halal EXPO" көрмесін өткізудің негізгі мақсаты – отандық және шетелдік халал кәсіпорын өнімдерін тұтынушылар арасында кеңінен насихаттау.Көрші елдер арасында  халал тауар айналымын жақсарту, бизнес серіктестер ауқымын кеңейту. Сонымен қатар өндіріс технологиясы мен ерекшеліктерін өндірушілер мен халыққа етене түсіндіру.

 

 

 

 




Көрілген: 357    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.10.2021, 23:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша, 20:28
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ
    8 Қараша, 20:09
    ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31