Шымкент телевидениесімен бірге

«Shymkent» ӘКК билік пен бизнес арасында делдал ма?

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

«Shymkent» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» билік пен бизнес арасында делдалдықтан ары аса алмай отыр. Мекеменің есебі тыңдалған бүгінгі қоғамдық кеңесте кеңес төрағасы Нұрғазы Бұқарбаев осылай деді.

 

Соған қарамастан корпорация басшысы сандарды сықитып, көрсеткішіміз Алматыдан кейін екінші орында деп мақтанды.

 

Бауыржан Канкиннің есебіне қанағаттанбаған кеңестегілер корпорация төрағасына негізгі қызметтік міндеттемелерін еске түсіріп, ештеңені жасырмай, халыққа ашық есеп беру қажеттігін ескертті. Жоғары жалақы мен сыйақыдан да кем қалмайтын мекеме қызметкерлері шынында не тындырып жатыр?

 

 

Бауыржан Канкин «Shymkent» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы»  АҚ басқармасының төрағасы

 

Қысқасы, бір миллион теңге жалақы алатын Канкин коммандасының жұмысына кеңес мүшелерінің көңілі толмады. Алдымен газ стансаларын салмай жатып, шетелден миллиардтаған қаржыға газбен жүретін автобустар алдыртқан мекеме басшыларының салғырттығы сыналды. Төрағаның айтуынша, қазір 200 автобус ешқандай бағытқа шықпай, қаңтарылып тұр.

 

Нұрғазы Бұқарбаев, қоғамдық кеңес төрағасы

 

Бауыржан Канкин «Shymkent» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы»  АҚ басқармасының төрағасы

 

Нұрғазы Бұқарбаев  корпорация төрағасын өзіне жүктелген 13 функционалды міндеттінің 12 сін орындай алмай отыр деп ашынды. Мекеме тек мемлекет жеріне баспана тұрғызып, үстемеақымен халыққа пәтер сатып пайда табудан арыға бара алмай отыр деген кеңес төрағасы бұл жұмыстардың да есебін ашық көрсетуді ұсынды. Негізгі мақсаты - отандық бизнесті жандандыру болып табылатын ұйымның жергілікті кәсіпорындарды дамытудағы жұмысы жүйелі емес екен.

 

Жанысбек Өтегенов, қоғамдық кеңес мүшесі:

 

Бауыржан Канкин «Shymkent» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы»  АҚ басқармасының төрағасы

 

Нұрғазы Бұқарбаев  «Shymkent» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» директорлар кеңесіне кеңестегілерден 2 мүшені енгізуді ұсынатындарын жеткізді. Мақұлданса, болашақ мүшелер жұмысында жариялылық жоқ   мекеменің тыныс-тіршілігінен хабардар етіп отыратын  болады. Кеңестегілер келесі жолы Канкин мырзаға жұмысты жүйелейтін ұсыныстардан  тұратын толыққанды баяндамамен келуді ескертті.

 

 

 

 




Көрілген: 388    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 20:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31