Шымкент телевидениесімен бірге

АБАЙ АУДАНЫ 2022 ЖЫЛЫ ТОЛЫҚ АУЫЗ СУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Шымкенттегі Абай ауданы аумағы бойынша барлығы 34 елді мекеннің 24-і сапалы ауыз сумен қамтылып, ол 71% құрап отыр. 2022 жылы бұл көрсеткіш 100 пайызды құрамақ.Бұл туралы Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов баспасөз брифингінде мәлімдеді. Ағымдағы жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндаған Бұқарбай Әбдірахымовтың айтуынша ауданда ең өзекті деген инфрақұрылым саласындағы мәселелер шешімін тауып келеді. Толығырақ тілші әңгімесінде.

 

Абай ауданына 2014 жылы қосылған және жаңадан пайда болған 10 елді мекендердің негізгі проблемалары - инфрақұрылым мәселелері болған. 2020 жылға дейін, аталған мәселелерді шешу үшін ЖСҚ әзірленбей, проблемалары толық шешімін таппай келді. Алайда 2020 жылы қысқа мерзімде 461 млн. теңгеге ЖСҚ-лар әзірленіп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Нәтижесінде, ағымдағы жылы бірқатар шаруалар атқарылып, 2022 жылы Абай ауданындағы елді мекендердің ауыз су, электр жарығы 100 пайызға және табиғи газ жүйесі 70 пайыз қамтылатын болады, -деді аудан басшысы.

 

Бұқарбай Парманов – Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі

 

Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 80 пайызы мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Қалған 8 елді мекен жеке меншік транформаторларды пайдаланды. 2021 жылы 8 елді мекенді электр жарығымен қамту үшін жалпы 7,2 млрд. теңгеге жоба жасылып, ағымдағы жылы 3,4 млрд теңгебөлінген. Сонымен қатар, 2020 жылы 7 елді мекендітабиғи газбен қамту үшін жалпы 2,7 млрд. теңгені жоба жасылып, ағымдағы жылы  767,5 млн.теңге бөлінген.

 

Бұқарбай Парманов – Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі

 

Аудан аппаратына 9 ай ішінде жеке және заңды тұлғалардан 352 арыз шағым келіп түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға азайған. Атап өтетін жайт, жоғарыдағы құрылыс жұмыстарының жүзеге асырыуы салдарынан арыз шағымдардың күрт азайғаны байқалады, -деді аудан әкімі.

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.11.2021, 20:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31