Әл-Фараби ауданы 7 бағытта дамып жатыр. Бірінші кезекте ауданның санитарлық тазалығын қамту үшін 7 секторға бөлініп, жұмыс кестеге сай жүргізілуде. Ауданға биыл 25 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланып осы уақытқа дейін 21 млрд. теңге тартылған. Бұл туралы аудан әкімінің қала әкімінің алдында 9 айды қорытындылаған жиынында айтылды.
Қолда бар мәліметке сүйенсек, ауданда 21 мыңдай шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Бүгінде оның 17 340-ы жұмыс істеп тұр. Кәсіпкерлер тарапынан 2021-2025 жылдарға 354 жоба жоспарланған, тартылатын инвестиция көлемі шамамен 101 млрд теңгені құрайды. Осы жылға жоспарланған құны 25 млрд теңге болатын 96 жобаны жүзеге асырып 1500 жаңа жұмыс орынын ашу жоспарланған. Ал 9 айда 74 жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып, инвестиция көлемі 21 млрд теңгені құрады.
Осы жылғы жоспарға сәйкес аудан аумағындағы 27 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланған.Одан бөлек, бұқаралық спортты дамыту үшін бюджет есебінен 25 демеушілер есебінен 6 спорт алаңшалары салынуда.
Рашид Мыңбаев – Әл-Фараби ауданының әкімі
Әл-Фараби ауданында ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7 пайыз. Аудандандғы инфрақұрылымды қажет ететін 195-ші орам. Ондағы жаңақұрылыс аймағынадағы 300 тұрғын үйге табиғи газ тарту жұмысы 2020 жылы қолға алынған. Қазір нысанның құрылысы аяқталып, абоненттеу шаралары жүргізілуде.Ал, Сәуле шағынауданындағы 276-шы орамды ауыз сумен қамту үшін «Агат» мердігер мекемесімен келісім-шарт түзілген. Құрылыс жұмысы осы жылдың маусым айында басталған. Қазір құрылыстың 97%-ы атқарылып, жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі.
Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі
Аудан қаланың орталығында орналасқан. Мұнда 672 көпқабатты тұрғын үй, 400 аула, 15 170 жеке үй мен 13 саябақ,18 гүлзар бар. Биыл орталық көшелерге көпжылдық гүлдерді отырғызуға басымдық берілген. Жыл басынан 18 525 түп раушан гүлінің көшеті мен 184 мыңға жуық түрлі-түсті көпжылдық көшеттер егілген. Тұрғындардан аудан әкімдігіне жыл басынан бері 621 өтініш келіп түскен. Одан бөлек, есепті кезеңде аудан әкімі мен орынбасарларының жеке қабылдауында 317 азамат болған. Атқарылған жұмыстар мен жүзеге асып жатқан жобалардың тиімділігімен танысқан шаһар басшысы аудандағы істерді оң бағалады. Сондай-ақ, аудан әкімдігіне қыс маусымы кезінде қала тазалығына қатты көңіл бөлуді тапсырды.