АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

30 қыркүйек 2021, 20:08

Еліміздегі егде тартқан азаматтарға ерекше құрмет. Оларға арнайы күн заңнамамен белгіленген. 1-ші қазан қарттар күніне орай Қаратау ауданының қарияларына құрмет көрсетілді. Ардагерлер алғыс хат алып, ән-жырға бөленді.

 

 

Бұл игі бастамаға Ауыл халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мегаполистегі өкілдері мұрындық болған. Әулеттің күйін күйттеп емес елдің бірлігін тілеген көнекөз қариялардың басын қосып батасын алды.

 

Айтқандай Қаратау ауданында 247 мыңнан астам халық бар. Оның ішінде  13 400-і  ардагерлер. 

 

Аудан бойынша   353 тыл ардагері және 3 соғыс ардагері. Ел бірлігі мен ынтымағын тілеген қариялар мереке сайын марапатқа бөленіп тұрады.

 

Әкімдік тарапынан назардан тыс қалмаған.

 

Оған қоса қаламыздағы саяси ұйым өкілдеріде қарияларды қыдыртып құрметке бөлеуден жалыққан емес.

 

 

 

shymkenttv.kz