БАС ДӘРІГЕР ӨЗ ҚЫЗЫНА ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

16 қараша 2021, 20:17

Бүгін Шымкенттің бас дәрігері Бақытжан Пазылов көпшілікке үлгі ретінде өзінің 10 сынып оқитын қызына вакцина салдырды.

 

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, кешеден бері 18 оқушыға Файзер екпесі егілген.

 

Ал, олардың жағдайлары жақсы.

 

Ата-аналардан ешқандай шағым түспеген.

 

 

Шымкенттің бас дәрігері 15 жастағы қызы Мерейді вакцина салдыруға өзі ертіп келді. Бақытжан Жолдасбекұлының айтуынша, оған әлеуметтік желіде оқырмандардан көптеген сұрақ келіп түскен. Көптің сауалы: бас дәрігердің өзі ұл-қызына неге екпе салдырмайды деген сарында. Ал, бүгінгі қадам -  мың сауалға бір жауап болды.

 

Бақытжан Пазылов – Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

 

02-20 ия, жасыратыны жоқ, өзіміз де әбден ойланып барып осындай шешімге келдік, отбасымызбен...

 

Әзірге шаһарға Pfizer вакцинасының 65 мыңнан астам дозасы жеткізілді. Ал, екпе салдыруға тиісті жасөспірімдердің саны жүз мыңнан асып жығылады. Алайда, екпені егу-ектірмеу – еш қарсылықсыз, ерікті түрде жүргізіледі. Спикер: Бақытжан Пазылов  – Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

 

Мейірбикелер әуелі Мерейдің денсаулық жағдайын мұқият тексерді. Қарсы көрсетілімдері жоғына көз жеткен соң,  журналистердің көзінше, екпе бөлмесінде Файзер вакцинасының құтысы ашылды.

 

Мерей Жолдасбекова – оқушы

 

Әзірге вакцинациялау жұмыстары қаладағы арнайы вакциналау пункттерінде жүріп жатыр. Ал келесі аптадан бастап, мектептердегі медициналық кабинеттерде салына бастайды. Сондай-ақ, бүгін 10 аяғы ауыр келіншекке «Файзер» вакцинасы салынды. Бұл вакцина зерттелген. Жүкті аналар мен балаларға бұл екпе сүт арқылы берілуі немесе бала жолдасы арқылы берілуі мүмкін емес. Сондықтан, екпеден қорқуға еш негіз жоқ дейді дәрігерлер.

 

 

 

 

shymkenttv.kz