БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ЕСЕП БЕРДІ

20 қазан 2021, 20:29

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ғалымжан Өтенбаев 2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

 

Басқарма тарапынан жыл басынан бері 48 құрылыс нысанына қатысты тексеру тағайындалып, 139 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған.

 

 

Басқарма басшысының айтуынша, 20 техникалық қадағалаушы, 2 авторлық қадағалаушы, 2 жобалау сарапшы және 1 техникалық қадағалаушы мекеме жауапкершілікке тартылды.

 

Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша 25 субъектіге кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар берілді. ала аумағында орналасқан заңсыз құрылыстарды бұзу туралы жолданған талап арыздар бойынша сот шешіміне сәйкес,  8  заңсыз құрылыс нысан бұзылды.

 

Сонымен қатар, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жер телімі иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, мемлекет меншігіне өз еркімен жалпы алаңы 303,3385 га 6 жер учаскесі қайтарылған.  107 мың тұтынушы ішкі газ жүйелеріне қызмет көрсетуші мекемелермен келісім шарт жасасты.

 

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің 43 пайызы жаңа басқару жүйесіне өтті. Биыл 112 лифт комиссиялық сынақтар өткізілсе, 16 лифт тіркеуге қойылған.

 

Қала әкімі заңсыз құрылыстарға жол берілмеуі керектігін айтты.

 

Құрылыс саласындағы заңсыздық сапаға тікелей ықпал ететінін ескертіп, заң нормативтерінің сақталуын қатаң бақылауды тапсырды.

 

 

 

shymkenttv.kz