Шымкент телевидениесімен бірге

"Бекзат болмыс!"

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Ішкі істер органдарының ардагері, Заң ғылымдарының кандидаты, саналы ғұмырында аталмыш саланы жандандыру үшін аянбай қызмет еткен Серік Жорабекұлы Жорабеков 70 жасқа толды! Осыған орай, Шымкент қаласы бойынша қылмыстық атқару- жүйесі департаментінде ардагер құрметіне арналған іс-шара өтті.

 

          Жиынға сала басшылығы мен қызметкерлері, ардагердің үзеңгілестері мен құрметті қонақ ретінде Серік Жорабекұлының өзі қатысты. Мерекелік шарада департамент басшысы, әділет полковнигі Теңізжан Нұрмаханұлы Жәнібеков құттықтау сөз алып, ішкі істер саласында жауапты қызметтерді абыроймен атқарған ардагердің үлгі боларлық тұстарын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, қазіргі қызметте жүрген кейінгі буынға ұмтылыс пен ерік-жігер сыйлайтын жақтарына да екпін берді.

 

Серік Жорабекұлы  1951 жылы 16 қарашада дүниеге келген. Ішкі  істер органдарындағы қызметін 1973 жылы қатардағы милиционер боп бастаған.

 

1978 жылы КСРО ІІМ Рязань жоғары мектебін бітіріп, кейіннен ИЧ-167/6 мекемесінің бастығы болып жұмыс істеді.

 

Болашақ қызметкерлердің бірі ретінде РФ ІІМ Академиясына білім деңгейін көтеру үшін жіберілді. Оны үздік бітіргеннен кейін Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ бастығының орынбасары боп тағайындалды.

 

Лауазымдағы жұмысы кезінде ол өзін жетілген және сауатты көшбасшы ретінде көрсете білді. Өзіне және айналасындағы қызметкерлеріне де талапшыл болды. Әртүрлі басшылық лауазымдардағы практикалық мол тәжірибе, терең теориялық дайындық оған ҚР ІІМ Шымкент заң колледжінің бастығы қызметін абыроймен атқаруға мүмкіндік берді.

 

Шараға Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төрехан Ахметов, үзеңгілестері Сейітхан Сүгіров сөз сөйледі. Серік Жорабекұлының кəсіби біліктілігіне, ұйымдастырушылық қабілеті мен еңбекке деген сүйіспеншілігіне қашанда тəнті болғандарын айта келе, алдыңғы аға буыннан үлгі алудың маңызы турасында əңгімелеп, ақжарма тілектерін білдірді.

 

Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 364    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.11.2021, 20:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31