«БЕСҚАРУ» FEST ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

25 қазан 2021, 21:04

Шымкенттегі «Shymqala» этноауылында «Бес қару» fest жобасы бастау алды.

 

Онда жасөспірімдерге батырлық қасиетке тәрбиелейтін ойын түрлері ұйымдастырылып, қылыштасу шеберлері мен каскадерлар жауынгерлік өнерден, бес қару түрлерін пайдаланудан шеберлік сағаты өткізілуде.

 

Батырлар институты тақырыбын барынша ашу мақсатында еліміздің танымал тарих және этнолог ғалымдары мен шетелдік жыршылардың қатысуымен арнайы семинар ұйымдастырылды.

 

 

Үш күнге созылатын іс-шара бүгінгі жастарға батырлар институтын қайта жаңғырту, дамыту міндетін алға қоюды мақсат еткен. Іс-шараға Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Қызылорда қалаларынан жыршылар мен көршілес қырғыз және өзбек елдерінің жыршы-жомоқшылары, каскадерлар мен этно-фольклорлық топ әншілері қатысуда. Талантаалы Бакчиев-көрші қырғыз елінің тумасы. Өз елінің тарихын зерттеп, зерделеп жүрген азамат. Айырқалпақты ағайынның шоқтығы биік шығармасы, Манасты терең танып, насихаттауға қосқан үлесі- бір төбе.  Ал, сол тарихта  қазақ батырлары мен олардың қылыштасу өнері және көшне шымкент шаһарының  алар орны ерекше дейді жазушы.

 

ТАЛАНТААЛЫ БАКЧИЕВ-МАНАСТАНУШЫ

 

 «Ұлы Жібек жолы» 2 мың жыл бойы өмір сүрген. Тынық мұхит пен Атлант мұхитының арасындағы көптеген халықтарды біріктірді. Жібекпен сауда жасау б.з.д. ІІ және б.з.д. І мыңжылдықта ғана болды.Ұлы Жібек жолы әр түрлі сауда, мәдени жаңалық және жаңа ойлардың таралу жолы, Еуразиядағы көшпелілер мен отырықшы халықтардың даму жолы болды. Өркениет жолы болды.

 

ҚАРЖАУБАЙ САРТҚОЖАҰЛЫ- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің институт директоры

 

Іс-шараға арнайы ат шалдырып келген қонақтардан өзге, қала тұрғындары да қатысты. Жиын барысында ұлы жібек жолындағы мәдени байланыстың маңыздылығы айтылды. Келушілерге арнайы дастархан жайылды. Ұлттық тағамдармен таныстырды. Дара дәстүріміз дәріптелді. «Бесқару» fest жобасы үш күнге жалғасады. 

 

 

 

shymkenttv.kz