Шымкентте соңғы тәулікте КВИ-дің 20 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 19 адамнан ауру белгілері анықталған. 15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 5 адам үй бақылауына алынды.
Мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 733 орын бар, төсек орын толымдығы 24%-ды құрайды, 582 төсек орын бос.
Инфекциялық стационарда 178 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 166 төсек орын бар, 30 науқас ем қабылдауда.
Індеттің алдын алу үшін ,маманда, тұрақты эпидахуалға қарамастан сақтық шараларын ұмытпауға шақырады.
Әрбір жан өзінің және жақындарының саулығы үшін екпе алғаны жөн.