ДОСТЫҚТАҒЫ ЖАРЫҚ ЖЫРЫ ШЕШІЛДІ

22 желтоқсан 2021, 20:57

Еліміздегі үшінші мегаполсте 81 елдімекен бар болса, бүгінде оның 65-і сапалы электр жарығымен қамтылған. Ал, қалған 16 елдімекен халқы жекенің трансформаторына телміруге мәжбүр. Жыл соңына дейін оның 7-еуін мемлекеттік қуат көзіне қосу жоспарланған. Солардың бірі, Еңбекшы ауданына қарасты темір жолдың арғы бетіндегі Достық тұрғын алабы. Қазір ол жерде 300 астам отбасы бар.

 

 

Назира Хусенованың Достық тұрғын алабында тұрып жатқанына 7 жылға жуықтапты. Осы уақыт аралығында өзі бас болып жарықтың мәселесімен бармаған жеріміз, қақпаған есігіміз қалмады, дейді. Таулары шағылған шеттегі елдімекен тұрғындарына биылдың жазында ғана жағымды жаңалық жетіпті. Қуанышты хабарды естіген көпшіліктің төбелері көкке бір елі жетпей қалған.

 

Нәзира Хусенова - Достық тұрғын алабының биі

 

Тасада қалып кеткен темір жолдың арғы бетіндегі құрылыс биылғы жылдың маусым айында басталған. Ол үшін қала қазынасынан 103 миллион теңге бөлінген. Жобада 234 үйге көрсетіліпті. Алайда, 80 үй қосымша қамтылған. Бұл ретте тұрғындардың өтініш-тілектері назардан тыс қалмады, дейді мердігер мекеме басшысы.

 

Рахымжан Сұлтанов  -   «Жолсерік» ЖШС-нің директоры

 

Мұндағы құрылыс жұмыстары  мерзімінен бұрын аяқталған. Бүгінде үйді-үйді мемлекеттік қуат көзіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Сапалы жарық мәселесі жылға жетпей шешілген тұрғын алабта көшелерді жарықтандыру бойынша атқарылатын жұмыстар ұзаққа созылмайтын шығар, деп тұрғындар үміттеніп отыр. Сондай-ақ, темір жолдың арғы бетіндегі тазалыққа мән берілсе, деген көпшіліктің базынасыда айтылды.   

 

 

 

 

shymkenttv.kz