Шымкент телевидениесімен бірге

«ДОСТЫҚТЫҢ» ТҰРҒЫНДАРЫ ҚУАНАТЫН КҮН ЖАҚЫН

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Шымкент қаласының әкім Мұрат Әйтеновтың бастамасымен қолға алынған «Тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру» тапсырмасы негізінде Достықтағы талайдан бері жыр болған жарық мәселесі түбегейлі шешімін тапты.

 

Жалпы қаладағы өзге де шағынаудандардың инфрақұрылымдық жағдайы жақсарып келеді. Елдімекендерге су, жарық, көгілдір отын тартылып, жолдар жөнделуде.

 

Осыдан үш ай бұрын басталған Достық тұрғын алабындағы электр желілерін тарту жұмыстарыда аяқталуға жақын қалды. Бұл жұмыстардың сапалы жүргізілуін бақылау мақсатында қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков құрылыс жұмыстарының барысын өз бақылауда ұстауда.

 

 

Тасада қалып кеткен темір жолдың арғы беті, осы уақытқа дейін электр қуатын ескі трансформатардан алып келген. Жарықтың бар деген аты болмаса, жарымайтын күніміз көп, дейді жергілікті тұрғындар. Ал, жекенің трансформатарына телмірген халық болса, төлеген теңгемізге сапасы мүлдем сәйкес келмейді, деп налып отыр.

 

Майра Қожагелдиева - Достық тұрғын алабының тұрғыны

 

Достық тұрғын алабын сапалы электр қуатымен қамту жұмысын «Жолсерік» ЖШС тарапынан биылғы жылдың маусым айында басталған. Қазіргі уақытта мұнда 224 электр бағанасы орнатылып, 14 шақырым электр желісі тартылып,  жұмыстың  70 % аяқталған.

 

Ғазиз Арын   - «Жолсерік» ЖШС-нің бас инженері

 

Мұндағы құрылыс жұмыстары  жыл соңына дейін белгіленген. Алайда, мердігер компания  мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарлап отыр екен.  Содан кейін, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен әр үйге жеке есеп шот ашып, электр қуатына қосу жұмыстары жүргізілетін болады. Нәтижесінде Достық тұрғын алабындағы 234 отбасы сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

 

Нәзира Хусенова - Достық тұрғын алабының биі

 

Сапалы жарық мәселесі әне-міне шешілгелі отырған тұрғын алабта көшелерді жарықтандыру бойынша атқарылатын жұмыстар ұзаққа созылмайтын шығар деп тұрғындар үміттеніп отыр. Мұнан өзге темір жолдың арғы бетіндегі халықты мектеп пен балабақшаның жайы да жиі мазалауда. Сондай-ақ, тазалық мәселесіне де мән берілсе екен деген тілектерін жарыса айтып қалды.   

 

 

 

shymkenttv.kz

 

 

 

 

 




Көрілген: 291    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 20:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қыркүйек, 17:51
    «АБЫЛАЙ ХАННЫҢ АРМАНЫ»...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30