ЕКПЕ-ІНДЕТТЕН ҚҰТЫЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ

04 тамыз 2021, 10:36

Вакцина індеттен құтылып, қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы болып отыр. Шымкентте соңғы бір тәулікте 650 жағдай тіркелді. Оның 516-ы симптоммен, 134 симптомсыз. Денсаулығы сыр беріп шағымданғандардың ішінде 211 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 439 адам үй бақылауына алынды. Осыған байланысты №1 қалалық емхананың бас дәрігері Махамбет Бейсеуов қала тұрғындарына барынша сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Бүгінде елімізде эпидахуал өршіп тұр. Шымкент қызыл аймақта. Жағдай күрделеніп барады. Тәж тажалына шалдыққан науқастардың  саны күн санап, тіпті сағат сайын  артуда. Алайда, қала тұрғындары бұған мән берер емес. Той-томалаққа барып, жиындарға қатысып,  тіпті біреулері екпе салдырудан қашып жүр. Қаладағы ауруханалардың бас дәрігерлері дабыл қағуда. Әрбір тұрғынға вакцина салдырудың маңыздылығын айтып, өзінің және өзгенің денсаулығына жауапкершілікпен қарауын сұранады.

Махамбет Бейсеуов - №1 қалалық емхананың бас дәрігері

Айтып өтейік, жыл басынан бері  тәж тажалынан  438 адам қайтыс болды. Қазіргі таңда 6971 адам емделуде, оның ішінде 2567 стационарда, 4404 үйлерінде карантин режимінде. Соңғы 14 күнде «COVID-19» жұқтырған науқастармен қатынаста болған  12 052 азамат амбулаторлық бақылауға алынды.

Ерхан Сатыбалды –қала тұрғыны

Қазіргі таңда Шымкентте індетке қарсы екпе егу жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Әрбір қала тұрғыны жауапкершілікті сезініп, өзінің және өзгенің денсаулығына алаңдап вакцина салдыртып жатыр. Қалада 360 мыңнан астам адам 1 компенент алса, 2 компонент бойныша 256 мың 760 адамға вакицнацилау жасалды.  Бүгінде қалада дәрі-дәрімек қоры мен вакцина жеткілікті. Тұрғындарды вакцинациялауды ұйымдастыру үшін 43 егу бекеттері бар. Одан бөлек, 25 жылжымалы егу бекеттері бар.

shymkenttv.kz