«ЕЛ ҮШІН ЕГІЛЕМІН» АЗАМАТТЫҚ ШТАБЫ ШЫМКЕНТТЕ

19 қазан 2021, 20:30

Еліміздегі коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшелері Шымкентке келді. Олар мегаполисте бірқатар кездесулер өткізіп, вакцинаның маңыздылығын жан-жақты түсіндірді.

 

 

Бұл құрылған штаб білікті дәрігерлер, ғалымдар мен журналистер, қоғам қайраткерлері мен блогерлер және еріктілердің басын біріктірген бейресми бірлестікке айналып отыр.

 

Білім саласының қызметкерлерімен кездескен  штаб өкілдері халықты вакцина алуға, жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.

 

Қазақстанда вакцина алуға қарсы көрсетілімі жоқ 10 миллион адам бар. Бүгінде елімізде 7 миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алған.

 

Серік Беркамалов - «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшесі

 

 

 

shymkenttv.kz