Шымкент телевидениесімен бірге

ЕНДІ, ШЫМКЕНТТЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨШПЕЙДІ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Бұдан былай, Шымкентте электр энегиясы өшпейтін болады. Әсіресе, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің жарығы сөнбеуі тиіс, деп тапсырма берген ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мегаполистің тиісті салаға жауапты басшыларының қашықтықтан басын қосып тығырықтан шығудың жолын жанжақты қарастырған көрінеді. Онлайн өткен жиынның қорытындысын қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов БАҚ өкілдеріне офлайн баяндады.

 

Соңғы кездері миллионды қаланың жарығы жиі өшіп халықты біраз әбігерге салғаны белгілі. Әсіресе, қас қарайған сәтте сөнетін электр қуаты көптің қытығына тиіп, «Оңтүстік жарықтың» үнемі босамайтын сымтетік желісі жергілікті жұрттың жүйкесін жұқартты десек артық айтпағанымыз болар. Мұның себебін, билік басындағылар былайша түсіндіріп бақты.

 

Мәулен Айманбетов – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары 

 

Жылыту маусымы басталғалы бері электр энергиясын тұтынудың мөлшері 60 мВт артқан. Осы орайда, майнинг компаниялары жығылғанға жұдырық болып отырған көрінеді. Қуат көзін көп тұтынатын криптавалюта шығарушы мекемелер, халықпен бірдей тариф төлеп, бизнестерін байқатпай жіберуге тырысады, дейді брифингтің бас спикері Мәулен Зарлықұлы. Түптеп келгенде қарапайым халық қараңғыда мәжбүр.

 

Мәулен Айманбетов – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары 

 

Қалада электр энергиясының жетіспеуіне қай жақтан кесір келіп жатқанын білдік. Ал, оның шешу жолын тиісті салаға жауаптылар Жамбыл ГРЭС-пен қосымша 70 МВт электр энергиясын алуға келісімшарт түзу арқылы шешіпті. Бұл өз кезегінде қаланың электр энергиясын тұтыну қажеттілігін толығымен жабады екен.

 

Мұрат Ибрагимов – «Оңтүстік Жарық  Транзит» ЖШС-нің директоры

 

«Біз жетпейтін қуат көзін Жамбыл ГРЭС-тен  алуға келісім шарт түздік. Бүгін түнгі сағат 23:00 бастап олар бізге электр энергиясын беретін болады. Нәтижесінде, қала толық сапалы жарықпен қамтамасыз етіледі. Бұдан былай себепсіз жарық өшпейтін болады. Айта кетейін, әкімшіліктің келісімімен қажет кезде ғана заңды тұлғалар мен өндірістік мекемелерді ғана сөндіруіміз мүмкін.»

 

Енді, Шымкентте электр энегиясы өшпейтін болады. Осы орайда, көпқабатты, жеке тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда электр қуатын өшірмеуге келісім жасалыпты. 10 қарашаның түнінен бастап аталған нысандарда электр қуаты шектелмейді. Тек апатты жағдайлар болған кезде ғана сөнуі мүмкін. Жалпы, шымкент қаласында  электр энергиясын тұтыну өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға артқан. Бүгінде электр тоғының қосылу көзі болып табылатын «1-М-1» қосалқы станциясының құрылысы аяқталып, іске қосуға дайындық жұмысы жүргізіліп жатқанын қала әкімінің орынбасыры Мәулен Айманбетов мәлімдеді. Сондай-ақ,  салаға жауапты орынбасар «Оңтүстік жарықтың» үнемі босамайтын сымтетік желісінің жұмысын жақсартуға нақты тапсырмалар берді. 

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 507    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.11.2021, 20:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31