ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

12 қараша 2021, 20:28

Елін сүйген ер есімі - мәңгілік ел есінде. Шымкентте Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының түлегі, қызмет барысында қаза тапқан Сырғабек Сүгірбаевтың атына арнайы бұрышын ашу рәсімі өтті. Шараға батырдың ағайын-туыс, жолдастары, әріптестері мен оқу орталығының ардагерлері қатысты. Бейбіт күннің батыры атанған Сырғабек Үшкемпірұлының құрметіне ашылған тәрбиелік мәні бар игілікті іс-шара жайлы тілші әңгімесінде.

 

Жиналғандар алдымен Кеңес одағының батыры, даңқты жауынгер, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне  гүл шоқтарын қойды. Содан соң оқу орталғының ғимаратында қызмет бабында 1998 жылы 31 наурызда қылмескерлерді ұстау барысыныда  қаза тапқан батырдың құрметіне қойылған арнайы бұрыштың лентасы қиылды. Бұл шараның бейбіт заманда да ерліктің білекте емес жүректе екенін дәлелдеп, өмірде орын алатын оқыс оқиғаларда қара басын қатерге тігіп ажал құшқан азаматтарымызды еске алу, жас қызметкерлерімізді ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызы зор, -дейді оқу орнының басшысы.

 

Қанатбек Тілеубердиев - Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының бастығы

 

Шараға батырдың туыстарымен қатар артында қалған жалғыз қызы мен жұбайы да келді. 26 жасар қызы АҚШ-тың Бостон университетін аяқтап, қазіргі таңда Назарбаев университетінде жұмыс істесе, ал жан жарының айтуынша тәртіп сақшысының қызметі тоқтап қалмасын қайғылы оқиғадан бір жыл кейін жұбайы ретінде ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетіне жұмысқа тұрып, бүгінде подполковник шешінде қызмет атқарып келеді.

 

Ботагөз Сүгірбаева – Сырғабек Сүгірбаевтың жұбайы

 

Айбынды асуларды бағындырып, құқық қорғау қызметінде белсенділік танытқан каптан Сүгірбаев, жас та болса тапқырлығымен, қайсарлығымен, нағыз батырға тән сипатымен қылмысқа тосқауыл бола алды. Өзінің жанын құрбан ете отырып, елге бейбітшілік сыйлаған бабаларымыздың ізін жалғады.

 

 

 

shymkenttv.kz