ЭТНОМЕДИАЦИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

06 қазан 2021, 19:58

Дау-дамайды сотқа жеткізбей екі тарапқа да тиімді етіп шешуге медиациацияның ықпалы зор. Әсіресе көпұлтты елімізде ынтымақты ұйыстыруғада осы жоба маңызды. Қоғамдық келісім КММ–сі мұрындық болып өткізген «Этномедиацияны жүзеге асырудың жолдары» атты форумда осы жобаны дамытудың жолдары талқыланды.

 

 

ФорумғаШымкент қаласы мен Түркістан облысы медиация орталықтарының  басшылары мен  этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Арнайы түсірілген бейнефильмнен этномедиация тақырыбында баяндамалар оқылды. Шымкент қаласы мен Түркістан облысында  жыл басынан 6 мыңнан астам дау сотқа дейін және сот барысында аяқталған. Даудың дені ерлі-зайыптылар арасында туындаған кикілжің екен.

 

Лаура Ақшегірова - Халықаралық медиация орталығы РҚБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің басшысы

 

Шымкенгт қаласы мен Түркістан облысы бірге жұмыс жасайды медиатарлар. Даулардың басым бөлігі отбасылық дау. Одан кейін бизнес саласында келіспеушіліктеркөп кездеседі.

 

Көпұлтты өңірімізде ұлт аралық дау-дамай орын алмас үшін Қоғамдық келісім КММ-де ауқымды шаруалар атқарады. Мегаполис аумағындағы 81 тұрғын алап пен шағынауданды қамтитын 5 Қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесі де заманауй медиациа тәсілдерін тиімді қолданып, ұсақ-туек дау-дамайға нүкте қойып келеді.    Соңғы бес жылда Шымкенттің өзінде  9 мыңнан астам  дау осы кеңестердің  медиаторлық көмегімен сотқа дейін шешімін тапқан. Дегенмен жастар арасында этносаралық кикілжің туындап тұрады екен.

 

Ербол Байқонақов – Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы  Қоғамдық келісім КММ басшысы

 

Біздерде түрлі этностардың шоғырланған өңірі болып есептеледі Шымкент қаласы. Сонымен қатар жастар көп. Қазір ең бірінші келеңсіздік жастардың қолымен жасалып жатады. Негізгі бағыт жастарға бағытталады.

 

Батыс елдерінде дау дамайдың 80 пайызы медиация арқылы шешіледі екен. Біздің елде бұл сала әліде дамытуды қажет етеді. Дегенмен бас жарылса бөрік, қол шықса жең ішінде қалады  дейтін  қазақтың дәстүріне медиация жат дүние емес.