«HYUNDAI OTYRAR» ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

12 қазан 2021, 20:17

Шымкентте су жаңа «Хендэ Отырар» дилерлік орталығы ашылды. Бұл «Астана Моторс» компаниясының 30-шы дилері. Онда Хендэ Транс Қазақстан отандық зауыты шығаратын Хендэ автокөліктері сатылады. Айту керек, бұл бастама шаһар экономикасына тың серпін берді. Компания бұл жобаға 1,5 млрд теңге инвестиция салған.

 

 

«Астана Моторс» - отандық темір тұлпарларды шығару және сатумен айналысатын алпауыт компания. Шымкентте бұған дейін  дербес дилерлер жұмыс істеп келді. Ал, бүгінгі орталықтың жөні - тым бөлек. Хендэ Отырар дилерлік орталығы Хенде Мотор Компани (Hyundai Motor Company) компаниясының халықаралық стандарттарына сай салынып, замануижабдықтармен жабдықталған. Салтанатты шараға шаһар басшысының қос бірдей орынбасарлары Айбек Сәттібаев пен Мақсұт Исахов қатысты. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша бұл қаланың дамуына ықпал етеді.

 

Айбек Сәттібаев – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

 

ең бастысы 100-ден астам жергілікті тұрғынға жұмыс орны құрылып отыр. Жұмыс орындары біздің жерлестерімізге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Біріншіден бұл, халықаралық компания. Онда жерлестеріміз карерасын құрады.

 

Астана Моторс компаниясы мұнымен тоқтап қалмай, сапалы қызмет көрсету аймағын кеңейтіп, дилерлік желілерін арттыра бермек.

 

Бекнұр Несіпбаев – «Астана Моторс» компаниясының Бас директоры

 

Бұл Астана Моторстың Шымкенттегі бастауы. Біз бұдан кейін Шымкентте 5-6 дилерлік орталық саламыз. Мұны осы келе жатқан екі жылдың ішінде саламыз. Хендэге көршілес БМВ автоорталығын, Бәйдібек би көшесінің бойында тағыда 4 орталық салатын боламыз.

 

2021 жылы компания 36 мыңнан астам жеңіл автокөлік пен коммерциялық автокөлік сатуды, сондай-ақ 29 мың жеңіл автокөлік пен 1000 коммерциялық көлік шығаруды жоспарлап отыр.Мамандардың айтуынша бүгінгі таңда Хендэбрендінің көліктеріне сұраныс өте жоғары.

 

Әсет Асқаров – «Hyundai Otyrar» дилерлік орталығы сату бөлімінің басшысы

 

Қазіргі таңда хюндай көліктері өте танымал. Сатылымға көп шығып жатыр. Бұл автокқліктердің сапасы өте жоғары. Бұл автокөліктер өз бағасын ұзақ уақыт ұстай алады.

 

Клиенттер көліктің қай түрін болсын ез келген банкарқылы несиеге рәсімдей алады. Тред-инбағдарламасымен темір тұлпарлардың ескісін жаңасына айырбастау мүмкіндігі де ескерілген.Хендэ Отырар дилерлік орталығының мекенжайы - Шымкент қаласы, Бәйтереков көшесі, 6А.

 

 

 

shymkenttv.kz