Шымкент телевидениесімен бірге

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ!

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Оңтүстіктің дүлдүлдерімен Сыр елінің сал-серілері Шымкентте бас қосты. Отырған жерлерін ән мен күйге бөлеген дәстүрлі әнді дәріптеушілер бүгін Қаратау өнер мектебінде шөліркеген көрерменнің құлақ құрышын қандырды.

 

Екі өңірдің махамында жыр алыбы Жамбылдың шығармалары дәріптелді.

 

Сондай-ақ, тұғыры биік тәуелсіздік жайындағы жыр-дастандарда шырқалды.

 

 

Қатар келген қос мерекені қолдарынан келгенше дәріптеуге тырысқан дәстүрлі әншілер кеш шымылдығын  тәу еткен Тәуелсіздік турасындағы әндермен түрді. Әрмен қарай, қазақ поэзиясының әйгілі тұлғасы, жыр алыбы Жамбылды жырға қосқан дүлдүлдер түрлі махамда әннен маржан үлестірді.

 

Біржан Байтуов – Айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

 

Сонау Біржан мен Ақан серіден қалған жолды жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған шараға Сыр елінен 12 сал келіпті. Оларды құшақ жая қарсы алып жатқан қарт Қаратаудың өрендері де құр алақан емес.

 

Күнсұлу Түрікпен -  «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

 

Дәстүрлі әндерді көбінде теледидар мен радинодан тыңдайтын көпшілік, бүгін жанды дауыста естіп бір жасап қалғандарын айтады. Әсіресе, әр елдің махамында естіген ерекше екен, дейді қала тұрғыны Раушан Әмзеева.

 

Раушан Әмзеева - Шымкент қаласының тұрғыны

 

Сыр елінің бастаған игі дүниесін, дәстүрге айналдыруды көздеп отырған қаратаулықтар, әрмен қарайғы кешті Жетісу өңірінде жалғамақ ниеттері бар екендерін айтып қалды. Дәстүрлі ән өнерін жандандырушылар, бұл жолы жастарды жандарына көбірек тартуды көздеп отыр екен.

 

 




Көрілген: 268    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.11.2021, 20:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31