ЖАҢА ЕМХАНА ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

21 желтоқсан 2021, 20:37

Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазығұрт мөлтек ауданында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жаңа- « 14 емдеу орталғының» алғашқы санитарлық-медициналық көмек орталығы ашылды. Емхананың ашылу салтанатына ел ағалары мен елді мекеннің тұрғындары қатысты.

 

 

 

Бір ауысымда 500 кісі қабылдай алатын емханада алғашқы медициналық-санитарлық, консультативті-диагностикалық, күндізгі стационар, физиотерапия, оңалту секілді көмек түрлері көрсетіледі. МРТ, КТ, рентген, маммография және өзге де заманауи үлгідегі медициналық құрал жабдықтар орнатылған.

 

Реабилитациялық бөлімше сұранысқа ие және өзекті бағыттар бойынша, атап айтқанда пульмонология, кардиология, неврология, травмотология, ортопедия бөлімдері қызмет көрсетеді.

 

Бас дәрігер Қарлығаш Ізтаева:

 

«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік медицина саласында да оң нәтижесін беруде. Мұндай кешендер қала аумағын медициналық қызметтермен толық қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінде мегаполисіміз еліміздің медицина орталығына айналу мүмкіндігіне ие. Ол үшін денсаулық сақтау мекемелерін медициналық өндіріс орындарымен байланыстыра отырып, білікті кадрлар дайындау мәселесіне аса көңіл бөлуіміз қажет» -деді.

 

Бұл медициналық орталық Қазығұрт ауданы тұрғын алаптарының 22 мыңдай тұрғынына да қызмет көрсетуге қауқарлы.

 

 

 

shymkenttv.kz