Шымкент телевидениесімен бірге

ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ БИЗНЕС ФОРУМЫ ӨТУДЕ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

«Жаңа жағдайдағы бизнес». Осындай тақырыппен Шымкентте форум өтіп жатыр. Оған бизнесте жақсы жетістікке жеткен кәсіпкерлер мен өз ісін енді бастаған азаматтар қатысуда.

 

Шараның негізгі мақсаты шаһар экономикасына инвестиция тартып, қала өндірістік әлеуетін арттыру. Форум кезінде әлімдік деңгейде танылған кәсіпкерлер өзінің жетістіктерімен бөлісті.

 

<iframe width="500" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/h3L1W01KIK4" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

Ал, қала әкімдігі болса Шымкентте инвесторлар үшін қандай мүмкіндіктердің қарастырылғаны жайлы ақпарат беруде.

 

Сонымен YPO (ЮПИО) ұйымы ұйытқы болған шараның тиімді тұсы мен, Шымкенттің инвестициялық дамуы қарқыны қалай? Ол туралы тілші тарқатады.

 

Еліміз егемендік алғалы Шымкент қай жағынан алып қарасақта дамып жатыр. 30 жылдың ішінде қаланың аумағы  да инвестициялық тартымдылығы да 10 есеге ұлғайған. Статистикаға сүйенсек, 1991 жылдан бері қалаға 2,6 трлн теңге инвестиция тартылған. Нәтижесінде 250 мыңнан астам түрлі өндіріс орындары ашылған. 

 

 

 

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі 

 

мысалыға тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қала экономикасына тартылған инвестиция құны небәрі 460 млн теңге болса биылғы жылғы көрсеткіш 400 млр теңгег жетіп отыр. Оның ішінде жекеменшік және шетелдік инвесторлардың үлесі 60 пайызды құрап отыр.

 

Қаланың инвестциялық тартымдылығын арттыру бағытындағы жұмыстар әліде жалғасуда. Соның бір айғағы шаһарда ашылып жатқан өндірістік алаңдар. Қолда бар мәліметке сүйенсек, қазір қалада 4 арнайы және экономикалық аймақ бар. Барлық инженерлік жүйелермен қамтылған орындардың саны алдағы жылдары жетеуге жетеді.

 

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі 

 

Біз инвесторлар мен бизнес үшін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге өңірде  инвестициялық жағдайды жақсартуға барлық жағдай жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі форум алдағы уақытта инвестициялық жағдайдың жақсаруына мол мүмкіндік береді деп ойлаймын.        

 

Ал енді бүгінгі шараны ұйымдастырған YPO ұйымына тоқталсақ. Ол кәсіпкерлікте жаұқсы жетістікке жеткен бизнесмендердің басын тоғыстырған ұйым. Бүгінгі форум кезінде ұйым мүшелері білгендерімен бөлісті. Әлемдік нарыққа қалай шығуға болатыны жөнінде жол сілтеп, мол табысқа қалай қол жеткізуге болатынын түсіндірді.

 

Талғат Ысқақов – кәсіпкер

 

Бұл форумның жетістігі өте зор деп ойлаймын...

 

Шымкентте шағын және орта кәсіпкерлік жақсы дамыған. Статистикаға сүйенсек қалада олардың саны 87 мыңға жуықтайды. Оларда 170 мыңдай азамат жұмыс істейді екен. Бүгінгі форумға сол санаттағы кәсіпкерлерде қатысып тәжірибе алмасты. Айтып өту керек бизнес өкілдері арасындағы ынтымақтастықты арттырып қаланың инвестициялық тартымдылығын жоғарлатуды көздеген форум алдағы күндері де жалғасады.

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 453    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.11.2021, 20:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31