ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ШАТТЫҒЫ

24 желтоқсан 2021, 20:18

Шымкентте Репродуктивті медицина институты жаңа жылдық шырша мейрамын ұйымдастырды.

Келе жатқан мерекемен балалар мен ата-аналарды ақ халатты абзал жандар, Аяз ата және Ақшақар құттықтады. Жүздері бал-бұл жанған балақайлар ертегі кейіп-керлерімен бірге көңілді ойындардың қызығына кенелді.

 

 

 

Бұл бақытты бүлдіршіндер  осы клиниканың қабырғасында ЭКО әдісімен  дүниеге келді. Мерекелік кешке келген   Әсем Ташимова Репродуктивті медицина институтының емделушісі болған. Соның арқасында ол қазір егіз балақайлардың анасы атанып отыр.

 

Әсем Ташимова- Шымкент қаласының тұрғыны

 

Қазақстандағы репродуктивті медицина институтына 25 жылдан астам уақыт болды. Онда тәжірибелі дәрігерлер ерлер мен әйелдердің бедеулігін емдейді. Орталықтың басты артықшылығы – мұнда сіз ақ халаттылардан кеңес алып қана қоймай, қажетті сынақтардан өте аласыз. Биыл клиника ЭКҰ бағдарламасының арқасында 25 мың баланың дүниеге келгенін атап өтті.

 

Әсел Есенқұлва- ИРИМ  бөлім меңгерушісі

 

Репродуктивті медицина институтының Шымкенттегі филиалының жұмыс бастағанына 2 жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде олардың арқасында үшінші мегаполисте 130-дан астам бала дүниеге келген. Жаңажылдық мерекеге орай сах­наланған ойын-сауық бағдар­лама­сынан кейін балалар тәтті тағамдарға толы дастарханнан дәм татты.

 

 

 

shymkenttv.kz