Шымкент телевидениесімен бірге

ЖАТ АҒЫМ ЖАҚСЫЛЫҚҚА АПАРМАЙДЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

«Зайырлылық таным және кереғар діни ағымдар»... Шымкентте осындай атаумен семинар болып өтті. Алқалы мәжілісте жастардың жат ағымның жетегі, экстремистің етегінен ұстап кетпеуі үшін жасалып жатқан жұмыстың жайы айтылды.

 

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл семинарға мегаполис шаһардың дін қызметкерлері мен педагогтары қатысты. Аймақта  діни  ахуал  тұрақты. Бірақ,  тоқмейілсуге  болмайды. Мамандар экстремисттік  ұйымдардың   жетегіне  еріп кетіп жатқан азаматтардың дені  ұлттық салт-дәстүрмен  сусындамаған  азаматтар екенін айтады.  

 

Ахметжан Керімбеков - Шымкент қаласы «А.Қаттани» мешітінің бас имамы

 

Қазір елімізде 18 конфессия, 368 діни бірлестік бар.  Ата дінінен жерігендер жат елден келмейді. Өз арамыздан шығады дейді мамандар. Қауіптің алдын алу үшін түрлі шаралар атқарылып жатыр. Соның бір де бірегейі осы семинар.

 

Бауыржан Заманханов – Шымкент қалалық дін істері басқармасының бас маманы

 

Исламның атын жамылған теріс ағымдар ел ішінде жасырын жұмыс жасауда. Олар Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабын мойындамай, жоққа шығарғысы келеді.  Ата дәстүрді ығыстырып, салтты санадан жоюға бар.

 

Ахметжан Керімбеков - Шымкент қаласы «А.Қаттани» мешітінің бас имамы

 

Дәстүрден тыс діни ағымдардың көздеген мақсаты мәлім. Тыныш қоғамды іштей іріту үшін діни сауаты кем қауым мен жастық желігі басылмаған жастардың қолымен от көсейді. Олар, әлбетте, теріс бағыттағы ұйымдардың өз мақсаттарын қандай амал-айла арқылы жүзеге асырып жатқан жайын біле бермейді. Сондықтан, әрбір ата-ана, әрбір азамат ұрпақ тәрбиесіне баса мән беруі керек.

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 542    Пікірлер: 0

жұма, 10.09.2021, 19:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша, 20:28
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ
    8 Қараша, 20:09
    ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31