ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАПА ШЕККЕН 1 МИЛЛИОНҒА ТАРТА АЗАМАТТЫҢ ДЕРЕГІ АНЫҚТАЛДЫ

15 қараша 2021, 20:14

Бүгін Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау ісімен айналысып жатқан жұмыс тобы экспедицияға аттанды.

 

Оның құрамы тарихшы ғалымдар мен ерікті жастардан, тарих мамандығын игеріп жатқан студенттерден жасақталған. Олар ауыл-аймақтағы азаматтармен, ондағы көнекөздермен жолығып зұлмат жылдар туралы жадында қалған мәліметтерді жинақтайтын болады.

 

Экспедиция 5 бағыт бойынша 31 зерттеу нысанын аралап шығуды көздеп отыр.

 

 

Жалпы осыдан бір жыл бұрын құрылған жұмыс тобы бүгінгі таңға дейін  репрессия және ашаршылық жылдарында жазықсыз жапа шеккен 1 миллионға тарта азаматтың деректерін жинақтады. 

 

Сондай-ақ бұл іске Шымкенттегі саяси-қуғын сүргін мұржайының қызметкерлері де атсалысуда. Олар өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы зобалаңда нақақ жаламен сотталған тағы 7 мыңнан астам азаматқа қатысты мәліметтер  тапқан. Оның ішінде екі жарым мың адам ату жазасына кесілген болса, тағы 530 азаматтың қалай ажал құшқаны әлі күнге беймәлім болып келген. 

 

Гүлнар Жанысбекова -  Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссиясы Шымкент қаласындағы жұмыс тобының жетекшісі

 

Тұрғындармен кездесумен қоса жаппай ату орындары іздестіріледі. Сонымен қоса экспедиция жұмысының нәтижесінде Шымкент қаласының архивіне толық видео, аудио материалдар мұрағатқа тапсырылатын болады. Үлкенқоржасақталады.

 

 

 

shymkenttv.kz