Шымкент телевидениесімен бірге

ЖЕКЕ ИНВЕСТОР ЕСЕБІНЕН ЕМХАНА САЛЫНАДЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Шымкентте мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жаңа медициналық мекеме салынады. Қызылжар елді-мекенінде орналасқан қалалық №9 емхана, жаңа нысан құрылысы біткен бойда толықтай сонда көшірілмек.

 

Себебі, аталмыш емхананың қазіргі ахуалы көңіл көншітпейді. Көптің сұрауы да осы – заман талабына сай, құрал-жабдықтармен қамтылған мекеме.

 

 

Шымкент қалалық №9 емханада 68 320 тұрғын тіркелген. Олардың 15 мыңнан астамы кәмелет жасына толмағандар. Халық мұнда алғашқы көмекке жүгінгенмен, лабораториялық, диагностикалық тексерулерден өту үшін қала орталығындағы басқа мекемелерге баруға мәжбүр.

 

Халықтың мұңы орынды-ақ. Себебі, мемлекет меншігіндегі емхана ғимараттары тым ескі. Аталмыш нысанның құрылысы Кеңестік кезеңде, 1958 жылы жүргізілген. Ал, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында тұрғызылатын медициналық мекеме заман талабына сай болмақ...

 

Бақытжан Позилов – Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

 

– Қазіргі таңда мекемеде басшылықтан бастап, кіші буын  өкілдерін қоса алғанда 460 медицина қызметкері халыққа қызмет көрсетеді. Жаңа нысанға көшсек, қызмет сапасын одан әрі арттыра түсер едік, - дейді олар.

 

Қайрат Қалыбеков - Шымкент қалалық  №9 емханасының бас дәрігері:

 

– Жаңа нысанға көшсек, жаңа құрылғылармен қызмет сапасын одан да арттырар едік деп ойлаймын. Жалпы, біздің ұжым бұл жаңашылдыққа қарсы емес.

 

Емхана құрылысы ағымдағы жылдың қыркүйек айында бастау алады. «Medical Center Shubarsu» ЖШС 2023 жылдың басында күніне 500 адамды қабылдауға қауқарлы мекемені халық игілігіне тапсыруды жоспарлап отыр.

 

Нұрқабыл Жақсылықов – инвестор:

 

– Емхананың мекен жайы ауысып, жаңа ғимаратқа көшкенмен, қызмет көрсету үрдісі бұрынғысынша болады. МӘМС және Кепілдендірілген медициналық көмек жүйесінде жұмыс істеп, халыққа тегін қызмет көрсетеді. Айтып өтейік, бүгінде Шымкентте 14 мемлекеттік, 25 жекеменшік емхана жұмыс істейді.

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 306    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.08.2021, 12:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша, 20:28
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ
    8 Қараша, 20:09
    ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31