Жемқорлықты жою міндет

22 желтоқсан 2021, 20:53

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардағы жаңашылдықтарды түсіндіру үшін арнайы жиын өтті. Шара барысында жыл бойы атқарылған істер баяндалды. 

 

 

 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Адалдық алаңы және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа  тосқауыл қою үшін жүйелі жұмыс атқарған. Нәтижесі-оң.

 

Бақтияр Өнербаев- Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

 

Жобалық кеңсе әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Жыл басынан бастап жобалық кеңсеге 1000 ға жуық сұрақтар келіп түскен. Сұрақтардың басым бөлігі коммуналды шаруашылық, білім, медицинасалалары,ақша жинау фактілері және жол сапасына қатысты болған.

 

Жани Қамбар-Шымкент «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы

 

Осыған байланысты, әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар тарапынан түскен бірнеше мәселелер өз шешімін табуда.Абай ауданы Ынтымақ елді мекені Жезқазған, Майқұдық көшелерінің тұрғындары су құбырын жүргізген компания жолды бұзып, қалпына келтірмеген. Тұран мөлтекауданы, Асанбай Асқаров көшесі №43, 43а тұрғындарынан көпқабатты үйлердің шатырынан және жер асты бөлігінен су кеткен. Шағымдар бойынша мердігер мекемелер  тарапынан қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

 

shymkenttv.kz