Шымкент телевидениесімен бірге

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының тұрғындарын 2023 жылға дейін ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткішін 100% ға жеткізу жоспарда бар.

 

Сондай-ақ, 2025 жылға дейін 3 жаңа мектеп және 1 мектепке қосымша құрылыстар жүргізу жоспарлануда.

 

Ел Президентінің Жолдауы аясында ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы қойылған жоспарларды саралаған Әл-Фараби ауданының әкімі осылай дейді.

 

 

Жолдаудың басым бағытының бірі - ауыз су. Президент халықты алдағы 5 жыл көлемінде 100 пайыз тұщы сумен қамтуды тапсырды. Осыған сәйкес «Сәуле» шағын ауданы 276 орамды толық ауыз сумен қамтамасыз ету үшін мердігер мекеме «Агат» ЖШС-мен келісім-шарт түзілген. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында басталып, жылдың  соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, 7 көшеге жол жөндеу жұмыстарын жоспарлаған. Жобалар аясында «Сәуле» шағынаудандағы  2 көше қалпына келтірілсе, орталық аумақтағы 3 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

 

Рашид Мыңбаев-Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ағымдағы жылы 22 көшені жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бүгінде 6 көше (Жабайы ата, Жұлдыз, Тәжібай ата, Баянауыл, Көктөбе, Дәулетұлы көшелері) жарықтандырылды. Қалған 16 көше жыл соңына дейін жарықтандырылатын болады.

 

Аудан аумағы қаланың орталық бөлігінде орналасқандықтан кәріз жүйесінің мәселесі біршама шешілген.Қазіргі таңда, 64 525 абоненттің 55 943 абонент кәріз жүйесімен қамтылған, 8309 абонент қамтылмаған. «Наурыз» және «Самал» шағынаудандарын кәріз жүйесімен қамту үшін келісіп-шарт түзіліп, мамыр айынан бастап жұмыстар атқарылуда.

 

Рашид Мыңбаев-Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі

 

Аудан тұрғындарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы қосымша ашық спорт алаңшаларын орналастыруға мүмкіншілігі бар 25 жер телімі анықталып, жеңімпаз мердігер мекемелер мен келісім-шарт түзіліп, қазіргі таңда ашық спорт алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

 

Ал, инфрақұрылым саласына бойынша, 20 көшеге асфальт төсеу бойынша Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс берілді. Сондай-ақ, демеушілер есебінен ағымдағы жылы «Ақылды аялдама» салу және «Ауыз су бұрқағын» орнату жұмыстары жалғасын табады. Жолдауда айтылған басымдықтарға тоқталған аудан әкімі барлық саладағы атқарылып жатқан істердің ілгерілеп отырғанын айтты.

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.11.2021, 20:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31