ЖОЛДАУДА БІЛІМ САЛАСЫНА ЕРЕКШЕ ДЕН ҚОЙЫЛДЫ

20 қазан 2021, 20:32

Шымкент университетінің студенттері Президент Жолдауын талқылады. Басты құжатта білім саласына, жастардың жағдайына аса ден қойылған.

 

Мемлекет басшысы ғылым саласында грантты қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту керектігін айтқан болатын.

 

 

Білім күнімен қатар келген жолдауында Мемлекет басшысы білім беру саласына коронавирус пандемиясы мен қашықтан оқыту кері әсер еткенін сөз етіп, елімізде мектептер саны 2025 жылға дейін кемінде 1000-ға жетуі керектігіне баса назар аударды.

 

Бұл өз кезегінде еліміздегі апатты және үш ауысымды білім ошақтарын жойып, өскелең ұрпақты замана талабына сай сапалы білім, саналы тәрбие алуына ықпал етеді.

 

Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек деген президент мұғалімдер жалақысының жоғарылылауына да пәрмен берді.

 

Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінетін болды.

 

Мұның барлығы да елдің болашағы үшін жасалып жатқан  қамқорлықтың көрінісі.

 

Икам Хашимжанов, ҚР өзбектері "Достлик" қауымдастығының төрағасы

 

 

 

shymkenttv.kz