ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ОЙЫН БИЗНЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ 18 ДЕРЕК АНЫҚТАЛДЫ

21 қазан 2021, 20:23

Шымкентте заңсыз ойын бизнесі тыйылмай тұр. Жыл басынан бері қалада көлеңкелі кәсіпке қатысты 18 дерек анықталған.

 

Тіркелген істердің дені қазір сот қарауында.

 

Бүгін осы тектес қылмыстардың алдын алу үшін қалалық экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілдері мен Әл Фараби ауданы әкімдігі қызметкерлері бірлесіп, шаһардағы ойын клубтарын аралады.

 

 

«Стоп ойын» рейдін ұйымдастырушылар Жангелдин көшесі бойындағы ойын клубтарын аралады. Қазір қалада бір ғана «Лотоматик» ЖШС не тиесілі 500-ге жуық лоторея терминалы жұмыс істеп тұр.  Салаға жауаптылар нысандардың  тиісті құжаттары мен терминалдарын тексерді. Іске қосылмай тұрған мынадай құрылғылар да тексерушілердің күдігін туғызды.

 

Ал кей орталықтарда басқасын айтпағанда санитарлық талаптар да сақталмайтын болып шықты. «Ашық» қолданбасы тұрғанмен келушілер тіркеле қоймайды екен. Әкімдік өкілдері клуб қожайындарына ескерту жасады.

 

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте заңсыз ойын бизнесіне қатысты тіркелген 18 деректің 16 қазір сотта қаралуда. Тексерулер кезінде заңсыз айналымнан  21 ойын терминалы, 122 жүйелі блоктар, 116 монитор, 11 моноблок, 8 теледидар тағы да басқа ойын құрылғылары тәркілгенген. Ал заңсыхз кассалардан 300 мың теңгеге жуық қаражат алынды дейді департамент өкілдері.

 

ЖҰПАР МАМЫТОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ

 

Қалада ойын автоматтарын кәсіп етіп,  оңай жолмен олжалы болғысы келетіндер де  ойынға салынғандар құзырлылыларға құрық байлатпай тұр. Олардың дені көбінесе осындай рейд кездерде қолға түседі.

 

 

 

shymkenttv.kz