Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛ 175 ЖЫЛ

25 қазан 2021, 14:27

Биыл қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың дүниеге келгеніне 175 жыл. Мерейтой мемлекеттік деңгейде аталып өтуде. Мәдениет білім ошақтарында да тойлануда. Бұл жолы Шымкенттегі Жамбыл Жабаев атындағы №26 мектепте жыр алыбына кеш арналды.

 

Білім ұясындағы іс-шара  «Жыр алыбы Жамбыл» атауымен айдарланды. Онда лекция концерт ұйымдастырылып дара тұлғаның шығармалары орындалды. Бұл жиынның ажарын Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық Филормония өрпаздары аша түсті. Шағын шараның беделін биіктетті.

 

Нышат Төлегенов – сазгер

 

Ұлы Жамбыл бабамыздыңда 175 жылдығы мерей тойы әр жерде аталып өтіп жатыр. Сондай шараның бірін филормония өткізіп жатыр.

 

Жамбыл ақын жастайынан жыр  өнерінде ерекшелене білді. Сол замандағы азулы ақындармен айтысып оза шапты. Білім ұясындаға іс-шарада  тарихи тұлғаның жырларынан үзінділер айтылды.

 

Қазақтың халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі бүгінде дүние жүзіне мәлім. Ғасыр жасап, екі заманның бірдей куәсі болған ақын өз тағдырын туған халқымен тұтастырған. Дәстүрлі қазақ жырын жаңа дәуірдің талап-тілектеріне орайластыра, жаңарта, жақсарта білді. XX ғасырда халық поэзиясының жаңа бір өрлеуі туғанын әйгіледі.