Шымкент телевидениесімен бірге

ҚАЛА ӘКІМІ МАГИСТРАЛДЫ СУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН АРАЛАДЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов «Көмешбұлақ» су жинақтаушысынан «Тұран» шағынауданы айналма жолына дейінгі үш магистралды суаққының құрылыс алаңына барды.

 

Су жинақтаушысынан бастап айналма жолға дейін ұзындығы 4,48 шақырым болатын су тартқышының екі желісін салу жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Бас мердігер – «Сарыағаш-Аман» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған. Мердігер мекеме құрылысты биыл қараша айында аяқтауды жоспарлап отыр.

 

 

Су құбырларының ұзындығы – 11,3 шақырым. Бүгінге дейін 10,1 шақырым құбыр жұмыстары аяқталды. Қала әкімі жауапты мердігерлерге жұмысты сапалы әрі тиісті мерзімде аяқтауды тапсырды.Жалпы қалада 3 магистралды су құбырының құрылысы жүргізіліп отыр. Бұл нысандар пайдалануға берілгенде Асар-2, Шымсити, Тұран, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Жаңа Тұрлан, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алаптарындағы 250 мыңға жуық халық үздіксіз сапалы ауыз сумен қамтылады.

 

ХАЛЫҚТЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ - БАСТЫ МІНДЕТ

 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың солтүстік бөлігіндегі суаққы құрылысының жұмысымен танысты.

 

«Асар-2» ықшам ауданынан бастап Төлеметов көшесі мен Алматы трассасының қиылысына дейінгі магистралды су құбырының құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

 

Нысан құрылысы мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС-гі тарапынан биылғы жылдың мамыр айында басталған.

 

Магистралды су құбырының жалпы ұзындығы 11,7 шақырым болса, бүгінде оның 9,5 шақырымы салынған. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын осы жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда.

 

Халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамамсыз ету басты міндеттердің бірі екенін айтқан қала басшысы салалық басқармаға жұмыс барысына күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

 

Ал, мердігер мекемеге нысан құрылысын сапалы салуды және уақтылы аяқтауды міндеттеді.

 

Жалпы қалада құрылысы жүргізіліп отырған 3 магистралды су құбырыны пайдалануға берілгенде қаладағы  250 мыңға жуық халық үздіксіз сапалы ауыз сумен қамтылады.

 

КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

 

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Арғынбеков пен Жібек жолы көшесінен бастап №2 коллекторға дейін жүргізіліп отырған канализациялық коллектор құрылысын қадағалады.

 

Коллектордың жалпы ұзындығы 13,1 шақырымды құрайды.

 

2020 жылдың қазан айында мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан 8 шақырым коллектор тартылып, құрылыс жұмыстарының 78 пайызы аяқталған.

 

Аталған канализациялық коллектор құрылысы  жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Нәтижесінде, Сайрам, Азат, Тассай, Мирас, Нұртас, Ұлағат, Шапағат, Солтүстік-шығыс және Самал-3 шағын аудандары коллекторға қосылады. Яғни, 18 мың адам кәріз жүйесіне қосылады.

 

Бүгінде қалада халықты кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 52,3% құраса, жыл соңына дейін қамтылуы 54%-ға өседі.

 

Қаланың оңтүстік пен солтүстік бөлігін кәрізбен қамтудың 2022-2025 жылдарына арналған жоспарына сәйкес кәріз тазалау станциясы мен сорғы станциясының коллекторлары және елді мекендерде ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

 

Бұл жұмыстар аяқталса, 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетеді.

 

 

 

shymkenttv.kz

 




Көрілген: 307    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.10.2021, 20:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша, 20:28
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ
    8 Қараша, 20:09
    ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30