Шымкент телевидениесімен бірге

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Құқықтық кеңес тегін беріледі. Түкістандық адвокаттар қоғамдық қабылдау өткізді. Онда әр азамат өзін толғандырған сұрақтарына тұшымды жауап алды.

 

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады. Онда азаматтардың басым бөлігінде өзекті болып табылатын тұрғын үй мәселесі қаралды. Ерғали Дәулетбекұлы әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, пәтерлерге заң аясында қол жеткізу жолдарын түсіндірді.

 

Бүгінгі таңда Шымкентте 46 008 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша - 1 749, көпбалалы отбасылар - 8 538, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы - 15 759, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер - 19 935, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған 27 адам бар екенін айтқан ол, баспана тек кезек реттілігімен ғана берілетіндігін түсіндірді. Кезек ретін «Egov.kz» порталы арқылы көріп отыра алады. Бұл ретте Шымкентте биыл миллион шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатқанын түсіндірді.

            

Одан бөлек, баспанаға мұқтаж азаматтарды қолдау мақсатында биыл жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй серитификатына 500 миллион теңге бөлінді. Қайтарымсыз негізде бастапқы жарнаға 1 миллион теңгеден беріледі. Аталған сертификатты бүгінде 132 азамат алып үлгерді. Тұрғын үй сертификатына өтінімдер 1 қазаннан бастап қайта «www.kezekte.kz» сайты арқылы қабылданады. 

 

Жалпы осы жылы 976 азаматты сатып алу құқығынсыз арендалық пәтермен қамтамасыз ету көзделіп, 8 айда 682-сі орындалды. Оның ішінде 300 жалдамалы баспана жұмыс істеп жүрген жастарға, 25 пәтер жетім балаларға, 176 пәтер көпбалалы отбасыларға, 181 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына берілді. Қалған 294 пәтер тұрғын үйлердің  құрылысы аяқталуына қарай жыл соңына дейін үлестірілетін болады.

 

Қала әкімінің орынбасары арендалық пәтерлер кезек арқылы көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және жұмыс істейтін жастарға қарастырылғанын, ал бюджеттік ұйым қызметкерлеріне «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясындағы несиелік бағдарламалар ұсынылып жатқанын айқындап айтты. 

 

Бұдан бөлек, сала жетекшісі ретінде жұмыспен қамтуға қатысты қозғалған мәселелерді шешу үшін басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 463    Пікірлер: 0

сенбі, 25.09.2021, 14:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша, 20:28
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ
    8 Қараша, 20:09
    ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31