Шымкент телевидениесімен бірге

ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ САРАЛАНДЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

«Тәуелсіздік жетістігі»... Осындай айдармен Шымшаһардағы барлық мектептерде қыркүйек айында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сынып сағаты мен ашық сабақтар өткізіледі. Ұрпақ санасына егемендік жылдардың қасиетін түсіндірер жоба аясындағы тәрбие сағаты жалпы білім беретін №137 орта мектебінде бастау алды.

 

 

Жобаның ерекшелігі ашық сабаққа тек оқушы мен ұстаздар ғана қатыспай, қаланың қалыптасуына және аймақтың дамуына үлес қосқан зиялы қауым өкілдері арнайы шақырылған. Жиынға ардагер ұстаздар,  «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің өкілдері және оқу-әдістемелік орталығының басшылары қатысты.

 

Меруерт Медетбекова – Шымкент қалалық оқу-әдістемелік орталығының директоры

 

Тәуелсіздіктің жетістіктерін жете түсінген жас буын, кездесуге келген қонақтарға сұрақтар қойып, еліміздің өткені мен бүгіні жайында қызу пікірталас ұйымдастырды.

 

Эльмира Қантаева - №137 орта мектебінің директоры

 

Сынып сағатында оқушыларға ел Тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде қол жеткен жетістіктері, еліміздің саяси-әлеуметтік ахуалы, білім мен мәдениет, тарих, рухани құндылықтар, ел бірлігі мен тыныштығы туралы келелі сөздер айтылды. Іс-шарада оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Бірі ақын-жазушылардың өлеңін жатқа оқыса, енді бірі домбырамен ән шырқады.

 

 

 

shymkenttv.kz

 




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 19:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша, 20:28
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ
    8 Қараша, 20:09
    ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31