КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙ БАСТАДЫ

25 қазан 2021, 14:25

Қалада карантин талаптары жеңілдей бастады. Шаһарда өткен жұмадан бері базарлар мен бизнес орталықтарының жұмыс уақыттары ұзартылып, «Ашық» жобасы арқылы келушілерін күтіп алуда. Әрине бұл ретте бетперде режимі қаулыда қатаң сақталатыны тайға таңда басқандай етіп жазылған.

 

Шымкент жасыл аймаққа өткелі бері, қаладағы карантин талаптары жеңілдей бастады. Соңғы шыққан қаулыға сәйкес енді қала базарлары бұрынғысынша қалыпты күн тәртібіне көшті. Бұл ретте, санитарлық талаптардың сақталуы аса маңызды. Мұны, мобильді топтар өз бақылауында ұстауда.

 

Руслан Төлемесов – Базар әкімшісі

 

Жеңілдетілген карантин талаптары бизнес объектілерінің де жұмыс уақыттарын ұзартты. Ашық жобасы арқылы түнгі сағат 1:00 дейін жұмыс жасауға рұқсат алған түнгі клубтар, енді көшбасшы мәртебесі аясында демалыс күндері де  3-ке дейін келушілерге қызмет көрсетпек. Осы орайда, жасыл мәртебе болуы маңызды. Ал,  сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі бар, сонымен қатар, соңғы 3 ай ішінде короновируспен ауырған адамдардан талап етілмейді.

 

Феруза Османова – сатушы

 

Абай ауданы бойынша «Ашық» жобасына тіркелген 1815 кәсіпкерлік нысан бар.  Бірінші кезекте аудандағы адамдар көбірек шоғырланатын жерлерде жиі-жиі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан мобильді топ мүшелері,  жыл басынан бері карантин талаптарын бұзған 636 нысанаға шара көрген. Нәтижесінде, 35 миллионнан астам теңге өндіріліпті.

 

 

 

shymkenttv.kz