Шымкент телевидениесімен бірге

ҚАРАТАУДЫҢ ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕСІ ҚАШАН ШЕШІЛЕДІ?

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Қаратау ауданында қордаланған мәселе көп. Әсіресе, кезінде Сайрам ауданының қарамағында болған елдімекендерде шешілмеген түйіндер шаш етектен.

 

Мұның бәрін де ақырындап бір жүйеге тоғыстырып келе жатырмыз, деген аудан әкімі Абзал Әліқұлов бұйыртса, 2023 жылы қаратаулықтарды 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етеміз деп отыр.

 

Сондай-ақ, жел тұрса жылп ете қалатын жарықтың жайын да баспасөз отырысы барысында қозғалды.

 

 

Қаратау ауданы бойынша 48 455 жеке тұрғын үй болса, бүгінгі таңда оның  83% тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтылған. Ал, 4 760 тұрғын үй - тіршілік нәрін кесте бойынша тұтынып отырса, қалған 3 335 мыңға жуық үй тасымал суын пайдалануда. Биыл бұл көрсеткіштерді біршама төмендетіп, 2023 жылы таза суға қатысты мәселені түбегейлі шешеміз, дейді аудан басшысы.

 

Абзал Әліқұлов – Қаратау ауданының әкімі

 

Құрылғанына небәрі 6 жылға жуықтаған жас ауданның  бүгінгі таңда 8 елдімекенінде электр жарығын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін бұл жұмыстар аяқталса, аталмыш ауданның сапалы жарық көзіне қосылу көрсеткіші 93 пайызды құрамақ. Ал, 72,8% табиғи газбен қамтылған. Биыл аудандағы 3 шағынауданда жүріп жатқан газ құбырларын тарту жұмыстары тәмәмдалса, бұл көрсеткіш - 85 % құрайды деп жоспарлануда. Сондай-ақ, кәріз жүйесінің құрылысы жүріп жатқан 5 елдімекен бар. Олардағы жұмыстар келер жылға өтпелі. Баспасөз отырысы барысында алғашқы қарлы боранда сөнген жарықтың жайы да сөз болды.

 

Абзал Әліқұлов – Қаратау ауданының әкімі

 

Сондай-ақ, баспасөз отырысы барысында ауданда «Халық қатысатын бюджет жобасы» аясында іске асырылып жатқан 18 балалар ойын және спорт алаңшаларын салу болса, ал 2 жоба ирригациялық арық салуға жоспарлануда екен.  Мұнан өзге брифинг барысында жолдың жайы, тазалық жұмыстары, көшелерді жарықтандыру аясында атқарылған істер жөнінде де сөз қозғалды.

 

 

 

 




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 20:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31