«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

05 қазан 2021, 21:33

Республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауы басталды. Игі шара Нұрсұлтан Назарбаев қорының бастамасымен биыл төртінші мәрте ұйымдастырылмақ. Оған Іскер әйелдер қауымдастығы да ұйытқы болып жүр. Бәсі басым байқаудың шарттары бүгін баспасөз мәжілісінде түсіндірілді.

 

 

«Қайырымдылық керуені» байқауы - ел дамуына үлес қосып, туған жердің көркеюіне, мұқтаж отбасылардың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізетін жандарды анықтауға мүмкіндік беретін конкурс. Өтініштер 30-шы қарашаға дейін қабылданады. Барлығы 7 номинация бойынша жеңімпаздар анықталмақ.

 

Эльмира Созақбаева – Шымкент қалалық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы

 

Қайырымдылық жасау игі іс. Қамқорлық көрсету ол мәселелердің шешілуіне ғана септігін тигізбейді. Қайырымдылық халықтарды біріктіреді. Жастардың мейірімділігін оятады. Мұндай істе ұлтқа, дінге, жасқа ешқашан бөлінбейді. Былтыр бұл жобаға 700-ге жуық үміткер қатысса, биыл одапн да көп болады деп күтілуде.

 

Әсем Әділбекова – жобаның ұйымдастырушысы

 

Арамызда қайырымды жандар өте көп. Бірақ олар жақсылықты жарияламай жасағысы келеді. Дегенмен «Қайырымдылық керуені» оларды халыққа танытып, өзгелердің үлгі алғанын жөн көреді. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болудың қажеті шамалы, ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті.

 

 

 

shymkenttv.kz