«КЕМЕҢГЕРЛІК, АДАМДЫҚТЫҢ ДӘНІН СЕПКЕН-ҰЛЫ ҰСТАЗ»

22 қараша 2021, 20:41

«Кемеңгерлік, адамдықтың дәнін сепкен-ұлы ұстаз». Осындай атаумен Шымкент қаласы Ы. Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназиясында мерекелік есеп беру концерті өтті.

 

Салтанатты шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, мектеп-гимназияның 30 жылдық туған күні және аталмыш білім ұясының басшысы қызметін 25 жылдан астам уақыт бойы үлкен абыроймен атқарған марқұм Кәдірбаева Қатира Қырғызбайқызының 60 жылдық мерейтойы күніне орай ұйымдастырылды.

 

 

Мерекелік кешке  Шымкент қаласы білім басқармасының басшылары, еңбек және қоғам қайраткерлері, мектеп-гимназияның құрметті демалысқа шыққан зейнеткер педагоктары мен қалалық мектептердің басшылары қатысты. Шара барысында аталмыш білім ұясының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан марқұм Кәдірбаева Қатира Қырғызбайқызы туралы естеліктер айтылды.

 

Роза Әміреқызы – үлгілі ұстаз

 

Ы. Алтынсарин атындағы бұл мектеп - Тәуелсіздіктің құрдасы. 1991 жылы күрделі кезеңде пайдалануға берілген білім ошағының бүгінде 30 жылдық тарихы бар. Жеткен жетістіктері, бағындырған белестері ауыз толтырып айтарлықтай.

 

Марфуға Күнтаева – қазақ тілі пәні мұғалімі

 

Мерекелік есеп беру концертінде оқушылар ән мен жырдан шашу шашты. Айта кетейік, іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында елжандылық, ұлтшылдық, Отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру, Ел тәуелсіздігінің қадір-қасиетін ұғындыру еді.

 

 

 

shymkenttv.kz